Ойын алаңшасының сапасы сын көтермейді

1644
балалар алаңқайы кез-келген аулада бар
балалар алаңқайы кез-келген аулада бар
балалар алаңқайы кез-келген аулада бар
балалар алаңқайы кез-келген аулада бар

Шымкентте әткеншектен құлап жарақат алған балалардың саны артып келеді. Облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне түрлі дене жарақаты мен бас ми шайқалған деген диагнозбен күніне ондаған бала түседі екен. Балақайлардың бірі үй ауласындағы сырғанақтан құласа, ал енді біріне әткеншек тиіп жараланады екен. Ақ желектілердің айтуынша, ауруханаға көбіне 2 жас пен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер түсетін көрінеді.

сапасы сын көтермейтін ойын құралдары балдардың өміріне қауіп төндіреді
сапасы сын көтермейтін ойын құралдары балдардың өміріне қауіп төндіреді

Бүгінгі таңда біздің ауруханаға күніне 20-25 бала түрлі дене жарақатымен келеді. Олардың 5-6 ғана ауруханаға жатқызылады. Балалардың басым көпшілігі, сырғанақтан құлап жанбасын, аяқ-қолын жарақаттап жатса, енді бірінің басы жарылылады»,-дейді дәрігер-травматолог Асхат Өсербаев.

мына әткеншек ҚР мемлекеттік сандартына сай келмейді
мына әткеншек ҚР мемлекеттік сандартына сай келмейді

Ал, Шымкент қаласының тұрғыны Қанымша Түленбаева немересінің әткеншектен құлап, ажал құша жаздаған күнді жүрексіне еске алады. Апаның айтуынша, балаларға арналған ойын алаңы сапасыз жасалған, әрі мұнда техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған көрінеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZhoXCabgeGQ[/youtube]