Бүгінде неміс өндірушілерінің металлопластикалық терезе профильдері (Proplex, KBE, Trocal, Rehau, Veka) үлкен сұранысқа ие
Бүгінде неміс өндірушілерінің металлопластикалық терезе профильдері (Proplex, KBE, Trocal, Rehau, Veka) үлкен сұранысқа ие
Бүгінде неміс өндірушілерінің металлопластикалық терезе профильдері (Proplex, KBE, Trocal, Rehau, Veka) үлкен сұранысқа ие

Қазіргі маусымда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Адамдар үйдің іші-сыртына жөндеу жүргізіп, үйін жылылап, қысқа қамдануда. Осы орайда, оқырман, өздеріңізге пластик терезені таңдауда кеңес ұсынуды жөн көрдік.

Егер мұндай терезелерді дұрыс таңдай білсек, пайдалану мерзімі 35-40 жылға созылуы мүмкін екен. Осындай сападағы ағаш терезе орнатуға да болады, бірақ оның бағасы бірнеше есе қымбатқа түседі. Сондықтан, баға тұрғысынан келгенде пластик терезе орнатқан тиімді. Оның үстіне пластик терезелар үйдегі жылуды сақтап, үйді сырттағы шу мен күн сәулесінен қорғайды.

Бүгінде неміс өндірушілерінің металлопластикалық терезе профильдері (Proplex, KBE, Trocal, Rehau, Veka) үлкен сұранысқа ие. Профильдің мырышталған болат негізінде жасалғаны жөн. Әйтпесе, уақыт өте келе саңылауларын ылғал әсерінен тот басуы мүмкін. Еліміздің климаты қатал, қысы – суық, жазы – ыстық. Ал заманауи технологиялар терезелерді қорғауға көмек береді. Пластик терезелердің профилі әуе камераларының санымен де ерекшеленеді. Ең тиімдісі – үшкамералы профильдер. Тек камера санын әйнек пакеттердің санымен шатастырмаңыз. Фурнитураға терезе жүйенің толық қызмет жасауына қажет барлық механизмдер жатады. Мәселен, тұтқасы, құлып өзегі және т.б. Заманауи терезелер тұтқасының орналасуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Ең сапалысы – неміс фурнитуралары. Әйнек пакет екі немесе одан көп саңылаусыз қосылған камералы әйнектер кешенін құрайды. Камералар ауамен, инертті газбен толтырылады немесе керісінше вакуумды құрайды. Мұндай конструкция жылуды жақсы ұстап, терезе ортасында кір-қоқыс қалдырмайды.

Бәрінен бұрын камерадағы инертті газдың жылу мен шуды өткізбейтіні көңіліңізден шығары сөзсіз. Әйнектер ішінде ылғалды жұтатын заты бар қашықтықты жақтаулар орналасқан. Жылуды сақтау үшін әйнек инфрақызыл сәуле өткізбейтін арнайы жабынмен (жұмсақ немесе қатты) қапталады. Бұл қыста жылуды, ал жазда бөлмедегі салқын ауаны сақтауға көмектеседі.

Мөлдірлігі кәдімгі тереземен салыстырғанда бірдей. Энергия сақтаудағы нашар көрсеткіштеріне қарамастан, ылғалдан қорғайтындықтан, қатты жабын түрлері басымдылыққа ие. Қосымша жылу сақтауға көпкамералы (екі немесе одан көп) әйнек түрлері қолданылуы мүмкін. Әлбетте, терезе енін есепке алған жөн. Тағы да бір қорғаудың түрі – боялған терезелерді қолдану.Триплекс – бұл арнайы үлбірмен ламинатталған көп қабатты әйнек. Ламинатталған әйнек қауіпсіз, өйткені ол физикалық күш түскенде, сынбайтын болады. Тіпті одан оқ өтпеуі мүмкін.

Мақпал РЫСБАЕВА