Шымкент: Терезесі күңгірттелген 22 көлік жүргізушісі анықталды

176

Шымкенттік тәртіп сақшылары бір тәулікте терезесі күңгірттелген 22 автокөлік иесін анықтады. Полиция департаменті қызметкерлерінің жүргізген рейдтік іс-шарасы нәтижесінде, белгілі болған құқық бұзушыларға қатысты ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 – бабы 5 – бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарт талаптарына сай келмейтін көлік құралын басқарушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Олардың көлік терезелеріндегі күңгірттелген жабындыны алып тастауы да тәртіп сақшыларының жіті қадағалауында.

Аида Қарсыбайқызы