Сүгір атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына биыл 10 жыл. Өнер ұжымы өзінің мерейтойына орай ел алдында есеп беріп, Ш.Қвалдаяқов атындағы облыстық филармонияда шығармашылық концерт өткізді. Оркестрдің алғашқы дирижері қазақ өнеріне еңбек сіңіре білген Мұсабек Жарқынбеков болғанын бірі білсе, бірі білмес.
Он жыл бойында керегесі керемет күймен кеңейген, бақаны талантты өнерпаздармен бекіген қара шаңырақ көрерменіне шашу шашты. Сүгірдің сүбелі күйлерімен қоса, орыстың түрлі мақамын нақышына келтіріп орындады оркестр.
Оркестрдің бүгінгі тойында республикаға танымал жалғасбек Бегіндіков пен Мақтаралдың Бөрі Исасы келіп, дирижерлік етті. Оңтүстіктің өз ұлттық аспаптар оркестрінің болуы кешеуілдеп болса да, қолға алынған оңды іс болды десті қонақтар.
Он жыл бойында өркендеп өскен өнер ордасында бүгін 55 өнерпаз бен екі дирижер, 5 әнші еңбек етеді. Бүгін біз үшін ерекше күн дейді олар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eWXDtal3lfM[/youtube]