Түркістандағы Арыс қаласының мәдениет күндері аяқталды

13

Түркістандағы Арыс қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шаралар «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында жүргізіліп жатыр. 

Бағдарламалық кестеге сәйкес белгіленген үш күндік уақытта қалада қолөнер шеберлері мен кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек өңір халқына қазақтың ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді. Бұл мерекелік бағдарламалар аймақтың туристік әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Айта кетейік, осыған дейін Түркістан қаласында Сарыағаш, Келес, Шардара, Сайрам және Жетісай аудандарының мәдениет күндері аталып өткен болатын.