Сапасыз жанармай саудалайтын бекеттердің тізімі жариялансын

395
Жанармай сататын бекеттер жіті тексеруден өтеді

Сапасыз сұйық отын сатушыларды жазалау керек дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев. Оның айтуынша, сапасыз жанармай сататын бекеттердің түсін түстеп, халыққа жариялайтын кез келіпті. Әкімдікте өткен жиында осындай ұсыныс айтты.

 

Жанармай сататын бекеттер жіті тексеруден өтеді
Жанармай сататын бекеттер жіті тексеруден өтеді

Алайда, шектен шыққан бекеттерді сүзгіден кімдердің өткізетіні беймәлім. Техникалық реттеу және метрология комитетінің өзі алдын-ала ескертусіз бірде-бір кәсіпкердің есігін қаға алмайтындықтарын айтады.

Әлия Қырықбаева, Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары: «Тексеру туралы ескерту 30 күн бұрын беріледі. Ескерту алған кәсіпкер осы уақытта кемшілігін туралап үлгереді деп ойлаймыз. Бұл жоспарлы тексеру болса, ал тұтынушылардың арызы бойынша тексеру бір күн бұрын ескертіледі. Өкінішке орай, бізге шағымдангып келетіндер жоқтың қасы».

Ал қырағы қадағалаушылардың айтуынша, өңірдегі жанар-жағар май бекеттерінен сапасыз бензин анықталмапты. Бірақ бұл сатылып жатқан сұйық отынның барлығы бірднй сапалы екендігін білдірмейді.

Сапасыз бензин, көліктерді істен шығарады
Сапасыз бензин, көліктерді істен шығарады

Сергей Панин көлік жөндейтін шебер. Бұзылатын көліктердің дені сапасыз жанармайдан екендігін жасырмайды. Таза май көлік жүрісін бұзбайды деп ашығын айтты.

Сергей Панин, автокөлік технигі: «Біздің бензиндер шетелден жаңа келген көліктердің де бөлшегін бұзып, отырғызады. Арасында құмда бар, су да бар. Екі күннің бірінде көліктің инжекторлары бұзылады. Жүргізушілерге обал».

Көліктілердің күйбеңі көп. Бірақ мәселенің біржақты шешілуі екіталай. Жанармай бекеттерінің беделі биік болғанымен, қызметі қуантпай тұр. Әдеттегідей, мұнда да ұтылатын қара халық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jyX2tAiA64g[/youtube]