ЖЖҚ бекеттерінің қожайындары наразы

263

Жиналғандар сұйық отын алу мүмкіндігінің жоқтығына наразы, салдарынан бекеттер жабылып, азаматтар жұмыссыз қалуда. Жанар-жағар май құю бекеттерінің иелері өз наразылықтарын ашына жеткізді. Олардың айтуынша, «Петро Қазақстанның» сауда үйімен сұйық отын тасымалы жайында келісім-шарт жасасу мүмкіндік болмай отыр. Нәтижесінде ЖЖҚ бекеттері жабылуға немесе сұйық отынды нарықтық бағада сатып алуға мәжбүр.

Өздерінің шағым-арыздарын жеткізу үшін жиналғандар департамен басшылығының кабинетіне баса көктеп кіріп барды. Бірақ басшылық орнынан табылған жоқ. Сонда да жанар-жағар май құю бекетіндегілер кетуге асыққан жоқ.

Гүлшат Мананова, Кентау қ. ЖЖҚ бекетінің иесі: «Біз қазір базардан сатып алуға мәжбүрміз. Яғни 112 теңгеден сатып алып, сөзсіз 120 теңгеден сатамыз. Қасымызда «Газпромнефть» болса, 106 теңгеден сатуда. Оларға мұнай тасымалдаушылар неге сатады, ал бізге неге жоқ?! Мұның бәрі қолдан жасаушылық. Ертең заңсыз сауда жасаған джеген айып бізге тағылады. Ал біздің қарамағымыздағы қызметкерлерімізге не төлеу керекпіз?! Мүлік салығы тағы бар дегендей… Біздің шағымызды құлағына ілер адам жоқ.»

Қызуқанды пікірталас нәтижесін берген жоқ. Бәрібір екі жақ та ортақ шешімге келе алмады. Тек біршама уақыттан соң ғана мем. орган тарапынан түсінік берілді. Қаңтар айының өзінде-ақ операторлар қауымдастығының басқосуы өткізілген болатын. Енді жауапты органның мамандары басқаша жұмыс жасаймыз деп жатыр.

Мырзахмет Сынабаев, облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау департаменті директоры орынбасары: «2012 жылдан бастап, біз ЖЖҚ бекеттері иелері қауымдастығының қатысуынсыз, яғни жергілікті аудан, ауыл әкімдіктерімен бірге жұмыс жасамақпыз. Олар өз кезегінде өз аудандарының аумағында қанша ЖЖҚ бекеттері бар, қанша транспорт, техника бар екендігін анықтауға тиіс. Сәйкесінше, бізде осы белгілінген көлемде сұйық отын бөлетін боламыз.»  http://www.youtube.com/watch?v=ohZTNBuv0lA&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=3&feature=plpp_video