Шымкентте лор, хирург, неврапотолог тапшы

493
80 балаға дейін қарауға мәжбүр жалғыз неврапотолог осы

46 мың тұрғынды қамтитын №1 отбасылық дәрігерлік емхананың құлақ-мұрын ауруларын емдейтін лор және хирург маманы жоқ. Ал 4 шағынаудандағы он төрт мыңға жуық балаға қызмет көрсетуі тиіс жүйке аурулары дәрігері жалғыз. Салдарынан көптеген тұрғын оның қабылдауына айлап жүріп әрең кіреді екен. Ашынған ата-ана емханаға біздің түсіру тобымызды шақырған болатын.

80 балаға дейін қарауға мәжбүр жалғыз неврапотолог осы
80 балаға дейін қарауға мәжбүр жалғыз неврапотолог осы

 

№1 отбасылық дәрігерлік емхана 4 шағынауданның 46 мың тұрғынын қамтиды
№1 отбасылық дәрігерлік емхана 4 шағынауданның 46 мың тұрғынын қамтиды

Бұл отбасылық емханада невропатолог маманы тапшы. Аптасына бір-ақ күн қабылдайтын маманға көрінушілер де көп. Оның себебі де белгілі. Төрт аудандағы он төрт мыңға жуық балаға жалғыз өзі қызмет көрсетуі тиіс. Осы мәселе мезі еткен ата-ана мәселені көлденеңнен көтерді.

Ләйлә Арыстанова, Сәуле шағынауданының тұрғыны: «Алты айдан бері үлкен немереммен кіре алмаймыз.Очередь аламыз. Түс боп қалады. Обед болады. Жетпіс, жетпіс екі деген номерге дейін барады. Оған үлгеретін бар. Үлгермейтін бар. Түскі астан кейін кетіп қалады».

Айман Күмісова, Қазығұрт шағынауданының тұрғыны: «Азанда сағат алтыда келдік. Елу төртінші болып тұрмыз. Қазір отыз екі кірді. Елу төртке дейін қарай ма, қарамай ма білмеймін. Үлгереміз ба . Сағат бірге дейін үлгерсек үлгердік. Үлгермесек қайтамыз».

Мәселенің бұлайша ушығуын дәрігердің өзі де маман тапшылығымен түсіндірді. Айтуынша, қиын әрі айлығы аз жұмыс деп, жас кадрлар неврапотолог болып істеуден қашқақтайды. Салдарынан бұл маман нормаға сәйкес 25-30 емес, 80-ге жуық баланы қарауға тура келеді екен.

Матлюба Азимова, дәрігер: «Ата-аналар кейде екі-үш баламен келеді. Оны қарап болғанша көп уақыт өтіп кетеді. Оның үстіне емхана тар. Жағдай жасалмаған. Әсіресе, жас нәрестелер шыдамай жылап кетеді. Күтпегендер амалсыз кетіп қалады».

Бұдан бөлек, қырық алты мың тұрғын қаралатын емханада балалардың құлақ-мұрын ауруларын емдейтін және хирург мамандар да жоқтың қасы. Көбі ақылы түрде қаралуға мәжбүр. Ал емхана бас дәрігерінің айтуынша, заң бойынша отбасылық емханада мұндай мамандар қарастырылмаған.

Парида Жәутікова, №1 отбасылық дәрігерлік емхананың бас дәрігері: «Егер ол дәрігерлік емхана болып тұрса, бізге бұйрықтан асып түсіп, халыққа неврапатолог керек екен деп мен отырғызып қоя алмаймын ғой. Штат жоқ болса. Оны мен мақұл танысым бар деп отырғызып қойсам, қалай қаражаттандырам».

Десек те, бас дәрігер « емхана алдағы шілде айында қалаға кіреді және өз алдына медициналық мекеме болады» деп сендірді. Қазір тиісті құжаттар рәсімделуде. Ал төзімі таусылған жұрт сол күнді тағы да күтуі керек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wQr11iquG8I[/youtube]