Шымкентте рәміздер күні тойланды

Мерекенің тойланып келе жатқанына биыл жетінші жыл
Мерекенің тойланып келе жатқанына биыл жетінші жыл
Мерекенің тойланып келе жатқанына биыл жетінші жыл

Бүгін — Қазақстан халқының мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың дәл осы күнінде еліміздің жаңа елтаңбасы, туы және әнұраны алғаш рет бекітілді. Атаулы күнді біздің отансүйгіш азаматтарымыз дәл қазіргі сағаттарда жер ана монументі маңы мен тәуелсіздік саябағында тойлады.

Ел болып еңсе тіктегелі ұлттық рәміздеріміз бар. 21 жылдан бері тәуелсізбіз дегенмен, рәміздер күнін атап өтуді рәсімдегенімізге 7 жыл болыпты. Айтулы күн атойлатып аталады-ақ. Бүгінгі шара да осының айғағы болса керек. Ұлттың ұлылығын білдіретін бұл күнді Ахмет, Міржақып секілді боздақтар армандап кетіп еді өз заманында.

«Жер ана» монументіне қойылған гүл шоғынан соң салтанатты шара Тәуелсіздік саябағындағы көк тудың түбінде жалғасты. Жергілікті билік, елінің елтаңбасы мен әнұранын һәм ұлттық туын үнемі насихаттап, қорғап жүрген нағыз патриоттарын да құрметтеуді ұмыт қалдырмапты. Соның бірі Кеңес уақытында заң саласында талай жыл қызмет еткен Өмірбек Темірұлы. Қос заманның куәгері тебіренісін тереңнен қозғады.

Десе де, рәмізге құрмет мәселесінде өзекті өртер жәйттер жетерлік. Мысал көп. Міне, баптаған спортшымыз барын салып, әлем алдында туды көтермекке асығып еді, Бораттың әні бетімізді шымшытты. Алысқа бармай ақ қоялық. Шымкенттің өзінде жыртық тудың желбіреп тұра беретініне жұрттың көзі үйренгелі қашан? Осы жәйттен кейін тек атаулы күнде ғана атойлатамыз ба деген ой келеді. Отансүйгіштік сезім де осы күні ғана оянатын секілді.

Көк тудың желбірегені. Жанымызға қуат беретіні де осы. Көк туда аппақ арымыз бен намысымыз бар. Оны құрметтеуге сіз бен біз міндеттіміз. Ата заң осылай дейді. Тек сөз айтылған жерде қаламаса игі. Отаным деп соғатын жүректің де соғысы мәңгі болса көк тудың желбірей беретіні де анық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kG_WnJN8Mb0[/youtube]