Масутацу Ояманың каратэ-до кекушинкай спорт түрінен ашық облыс біріншілігі Шымкентте өтті. Шығыс жекпе-жегін жетік меңгергенін байқату үшін Алматы, Астана, Көкшетау, Тараз және Шымкенттен 300-ге тарта спортшы жиналды. Федерация президенті Құрбанәлі Сәрсенбаевтың сөзіне сенсек жекпе жектер қорғаныс құралдарсыз өтеді. Тек өзіне ғана сенуі тиіс дейді маман.
16 жастағы Астаналық спортшы Ерасыл Кенжеғали да облыс біріншілігіне жалғыз мақсатпен келген. Ол бірінші орынды жеңіп алу.
Алғашқы кездесуінің өзінде-ақ ел ордалық қонақ алаң қожайынын айқын басыдылықпен жеңіп, епті екенін байқатты.
Нәтижесінде Масутацу Ояманың каратэ до кекушинкай түрінен шымкенттіктер үздік танылып, командалық есепте бірінші орыннан көрінді.
Облыс қоржынына 25 алтын, 18 күміс және 11 қола медаль салынды. Екінші орынды ел ордалықтар еншілесе, Алматылық қонақтар алғашқы үштікті қорытындылады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WOJ6XBDcUVo[/youtube]