Шымкентте қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті. «Кең баба» саябағында болған салтанатты шара жергілікті жұлдыздардың концерттік кешімен көркейді.
Бұл күні табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері салада жетістікке жеткен әріптестерін құттықтап, олардың қоршаған ортаны қорғауда жасаған ізгі істерін айтып мерейін үстем етті.
Абыройы асқақ болған азаматтардың ішінде «Отырар» телеарнасының ұжымы мен табиғат десе ішкен асын жерге қоятын әріптесіміз Ирина Притула да бар.
Сондай-ақ, бұл күні экология тақырыбына арналған суреттер байқауы ұйымдастырылып атаулы күннің әрін одан әр ашып жіберді. Түрлі мектептерден жиналған өнерлі 20 оқушы табиғат ананың керемет жерлерін қағазға түсірді.
Осылайша, арқа-жарқа болған табиғатты қорғаушылар қоршаған ортаны бір күні емес, әр күні қорғауға шақырды.