Тамыз конференциясы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында өтті

 

Тамыз конференциясы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында өтті
Тамыз конференциясы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында өтті

Білімге жауапты мамандардың біразы сын садағына ілігіп жатқанда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында тамыз конференциясы бастау алды. Мұнда да ұстаздардың негізгі міндеті мен еңбек нәтижелері сарапталды.

Жалпы жыл бойында оқушылар арасында ғылыми жоба, олимпиадаларында облысымыздан 36 оқушы, республикалық жарыстарда 28 оқушы, халықаралық деңгейдегі олимпиадада 14 оқушы қатысып, жеңімпаз атанды. Жиында оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер қорытыланды.

Ұстаздардың ерен еңбегі мен алға қойған білім сапалары айқындалып, ең үздіктер марапатталды. Солардың бірі №38 мектеп гимназиясы биылғы жылдың «Ең үздік мектебі» деген номинациясын жеңіп алды.

Облыстың Ұлағатты ұстаздары мен білім саласының қызметкерлері бас қосқан жиында келер жылдың жоспары да талқыға салынды.

Осылайша, білім сапасы жан-жақты талқыға салынған тамыз конференциясына қатысушыларға ертеңгі күнге үміт артып тарқасты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=W4T4TPWwdaE[/youtube]