Заңгер кеңесі

Дінмұхаммед ҚЫЛЫШБАЕВ
Дінмұхаммед ҚЫЛЫШБАЕВ
Дінмұхаммед ҚЫЛЫШБАЕВ

Оқырмандар сауалына тұрақты авторымыз, ОҚО «Тәуелсіз заңгерлер» ҚБ-нің төрағасы Дінмұхамед Қылышбаев жауап береді.

Сұрақ: 

– Травматикалық қаруды қай жастан бастап алуға болады?

Жауап: 

– Азаматтық қаруды алуға жасы 18-ге толған Қазақстан Республикасының азаматтарының құқығы бар.

Сұрақ: 

– Травматикалық қаруды алу үшін арнайы рұқсат қажет пе? Қажет болған жағдайда ол рұқсатты кім береді?

Жауап: 

– Әрине, қажет. Мұндай рұқсатты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары береді.