Жаңа нысандар жарамсыз күйде

Бұл ақауларға қатысты балабақшаның меңгерушісін әңгімеге тартқан едік, алайда ол кісі балабақша құрылысының сапасына қатысты шағымым жоқ деп ат тонын ала қашты

Газетіміздің өткен нөмірінде «Сапасыз құрылыстар көбейді» деген мақалада Арыс қаласындағы құрылысы сапасыз жүргізілген 5 нысан жайлы облыстық мәслихатта мәселе көтерілгені туралы айтқанбыз. Бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, салынған сол нысандардың не себепті сапасыз салынғанын көзбен көріп қайту үшін Арыс қаласына жол тарттық.

Шаһардағы «Балапан» балабақ-шасының құрылысын «Асыл керуен Дат» ЖШС жүргізіпті
Шаһардағы «Балапан» балабақ-шасының құрылысын «Асыл керуен Дат» ЖШС жүргізіпті
80 балаға шақталған нысанның  құрылысына 130 млн теңге шығындалғанымен сапасыз, құрылыстағы кемшіліктері  көзге ұрып тұр
80 балаға шақталған нысанның құрылысына 130 млн теңге шығындалғанымен сапасыз, құрылыстағы кемшіліктері көзге ұрып тұр
Бұл  ақауларға қатысты балабақшаның меңгерушісін әңгімеге тартқан едік, алайда ол кісі балабақша  құрылысының  сапасына қатысты шағымым жоқ деп ат тонын ала қашты
Бұл ақауларға қатысты балабақшаның меңгерушісін әңгімеге тартқан едік, алайда ол кісі балабақша құрылысының сапасына қатысты шағымым жоқ деп ат тонын ала қашты

 

Шаһардағы «Балапан» балабақ-шасының құрылысын «Асыл керуен Дат» ЖШС жүргізіпті. 2008 жылы басталған құрылыс екі жылда аяқталып, пайдалануға 2010 жылы берілген. 80 балаға шақталған нысанның құрылысына 130 млн теңге шығындалғанымен сапасыз, құрылыстағы кемшіліктері көзге ұрып тұр. Қалай болса солай жабылған шатыр, ғимараттың қас беті мен төселген едені сапасыз. Бұл ақауларға қатысты балабақшаның меңгерушісін әңгімеге тартқан едік, алайда ол кісі балабақша құрылысының сапасына қатысты шағымым жоқ деп ат тонын ала қашты. Қазына қаражатына салынған әлеуметтік нысанға қатысты сын ескертпелер осы өңірден сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Пернебек Райымбековте бар екен. Мамандығы құрылысшы депутат балабақшаны қайта салу қажет деп есептейді. Құрылыс барысында ол бар кемшіліктерді мердігерлерге айтып, олардың басым бөлігін жөндетуге ықпал жасаған. Балабақшаның құрылысына қатысты Арыс қаласы әкімінен сұхбат алу оңайға соққан жоқ. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі арқылы мүмкін болған кездесу барысында қала басшысы Сейіт Ертай, «әкім болып тағайындалғаныма 10 ай болды. Дөп басып ештеңе айта алмаймын», – деп жауап қайтарды.

Жұбататыны әкімнен сапасыз жүргізілген екінші нысан бойынша мардымды жауап алдық. Сырдария ауылындағы бастауыш мектептің құрылысын «Реал Строй» мекемесі жүргізіпті. Былтырғы оқу жылында пайдалануға берілген білім ошағында қыс мезгілінде жылу беру жүйесі сыр берген. Өйткені, құрылысшылар орнатқан қазандықтың 3 қабатты ғимаратты толық жылумен қамтуға қуаты жетпепті. Әкім араласып, қазандық алмастырылған. Бастауыш сынып мұғалімі Күмісай Төлендиева бөлмеде салқын болғанын алға тартады. Оның себебін ұстаз сыныптағы батарейлердің толық орнатылмағандығымен түсіндіруде. Бұл жалғыз кемшілік емес, ғимараттардың қосылған жеріндегі ажыраған тұстарды құрылысшылар қаңылтырмен жауыпты. Директордың бөлмесінде есіктің өзі жөндеп жабылмайды. Қабырғалардағы сызаттарды, сылақтарды, баспалдақтардағы түсіп қалған плиталардың орнын мердігер өз есебінен жөндейміз деп уәде беріпті. Ең сорақысы жаңа мектепте кәріз жүйесі істемейді, ауыз су жүйесі қосылмаған.

Оқушылар шөлін қайнаған сумен қандыруда. Әжетхана далада орналасқан. Білім ордасында бастауыш сынып оқушыларының дәріс алатынын ескерсек бұл келеңсіздіктерге қалалық санитар-эпидемиологтар мен қалалық білім беру бөлімінің мамандары неге жол беріп отырғаны белгісіз. Облыстық мәслихаттың депутаты Пернебек Райымбеков құрылысшылар кінәлі емес дейді. Өйткені құрылысқа алғашқы бөлінген 502 млн теңге құрылыс барысында оңтайландыру деген себеппен 462 млн-ға кеміген. «Оңтайландыруды балаларымыз оқитын нысан есебінен жүргізу – өскелең ұрпаққа жасалған қиянат емес пе?», – дейді халық қалаулысы.

Сырдария ауылындағы бастауыш мектептің құрылысын «Реал Строй» мекемесі жүргізіпті
Сырдария ауылындағы бастауыш мектептің құрылысын «Реал Строй» мекемесі жүргізіпті
Өйткені, құрылысшылар орнатқан қазандықтың 3 қабатты ғимаратты толық жылумен қамтуға қуаты жетпепті
Өйткені, құрылысшылар орнатқан қазандықтың 3 қабатты ғимаратты толық жылумен қамтуға қуаты жетпепті

 

Құрылысы сапасыз жүргізілген үшінші нысанға тоқталсақ. Арыс қаласына кіре берістегі аспалы көпірдің пайдалануға берілгеніне екі жыл болыпты. Бірақ жергілікті жұрттың пайдасына асып жатқаны шамалы. Шырғалаңы көп көпірдің жыры арыстықтардың ашуын келтіріп отыр.

Бауыржан Рысжанов, тұрғын: «Бір жарым жыл бұрын пайдалануға берілген көпір өте тік салынған. Қыс мезгілінде көпірмен қатынау мүмкін емес, Тайғақ, көліктер бір-бірімен соғысып жатады. Нысанды мемлекеттік комиссия қалай қабылдағанын қайдам. Көпірде жол қауіпсіздігін сақтау мүмкін емес».

Заманхан Сағын-дықов, тұрғын: «Мен өзім Газельмен жолаушылар тасимын. Көпірден өту қауіпті. Қалай болса солай салынған. Адамдардың өмірі ойыншық па? Қыста мұнда жиі жол апаты орын алады. Сұмдық қой».

Арыс қаласына кіре берістегі аспалы көпірдің пайдалануға берілгеніне  екі жыл  болыпты
Арыс қаласына кіре берістегі аспалы көпірдің пайдалануға берілгеніне екі жыл болыпты

Тауар тасымалымен айналысатын Сергей теміржол депосын таба алмай әлекке түскенін айтады. Ауыр жүк көлігімен көпірмен қатынау тәжірибелі жүргізуші үшін нағыз сынақ болыпты: «Мен Астанадан келемін. Жол белгілерінің жоқтығынан адасып та кеттім. Көпірден әрең түстім, ортасы биік салынған. Түсу траекториясы да сақталмаған. Жылдамдықты бәсеңдетіп, тежеуішті қосуға мәжбүр болдым. Қыста инертті зат сеппесе, түсіп шығу мүмкін емес». Қыста құрысып, жазда жандарын шүберекке түйіп жүретін көлік жүргізушілері мен жол жүргіншілер үшін көпірдің әлегі расында да қиын. Мәселе шешімін таппаса, іс насырға шабары анық. Құрылысына 430 млн жұмсалған аспалы көпірді пайдалану адам өміріне қауіпті екендігін түсінетін жан бар ма? – дейді арыстықтар мен шардаралықтар. Өйткені, осы көпір арқылы олар жиі қатынайды. Депутат Пернебек Райымбеков көпірді қайта салу қажет деп есептейді.Көпір қайта салынады ма, жоқ па ол уақыт еншісінде. Тек сол уақытта төтенше жағдай орын алмаса игі еді. Аспалы көпірді «ЖБИ-С» компаниясы салған.

Төртінші нысан – «3К3» каналы. Бюджеттен 630 млн теңге бөлінген каналдың құрылысын екі мердігер «Батсу» мен «Налихан» серіктестіктері жүргізіпті. Бесінші нысан – Арыс-Байырқұм тас жолы. Жолдың құрылысын мердігер компания «Түркістанжол сервис» ЖШС-і жүргізген. Жоғарыда аталған нысандардың сапасын тиісті органдар тексереді деген сенімдеміз.

Шынар ОРАЗОВА

Нүрилә Қолдасова
Нүрилә Қолдасова

Нүрилә Қолдасова, мектеп директоры

– Бастауыш мектеп пайдалануға былтырғы жаңа оқу жылында тапсырылды. Сол кезде мердігер компанияға барлық кемшіліктерді айтқан болатынбыз . Олар келіп, жөндеп тұрды. Актідегі барлық ақауларды «Реал Строй» компаниясы 27 мамырда келіп ретке келтіруге уәде берді. Су жүйесін  өзіміз қоспай отырмыз. Әжетхана келсек, бірінші қабатта істейді ғой.