Көз микрохирургиясы клиникасында отаның жаңа әдістері жасала бастады. Бар жоғы 5-7 минутта ота жасалып, нәтижесінде көз жанарыңыз жүз пайызға жақсарады деп сендіреді дәрігерлер. Айта өтейік, бұл ерекше ота облыста алғаш рет жасалды.
Шымкенттік Анастасия Мехеева алғашқы көз жанарына эксимеролазерлі коррекциялы ота жасатқандардың бірі. Көзінің көру деңгейі бұрын — 8-ді көрсеткен. Жарты жылдан астам уақыт бойы отаға дәрігерлермен бірге тыңғылықты дайындалған ол нәтижесіне көңілі толатындығын айтады.
Анастасия Мехеева: «Алғашында қорыққанымды жасыра алмаймын. Қазір ота жасатқаныма қуанам. Ота сәтті өтті. Екі күннен кейін өздігімнен, көзілдіріксіз теледидар қарайтын болдым. Дәрігерлерге де, клиниканың бүкіл қызметкерлеріне ризамын».
Шымкенттің көз микрохирургиясы клиникасындағы бұл жаңалық Оңтүстікте бұрын соңды болмаған. Бар жоғы 10 минуттың ішінде жанарыңыз жайнап, өмірдің сан түрлі бояуына қанық боласың. Отадан кейінгі күтім де қиын емес дейді дәрігерлер.
Әсел Медеубекова, көз хирургы: «Бұл ота біздің клиникада тұңғыш рет қолға алынды. Астегматизм, алыстан көрмеу сынды талай көз сырқаттарын жояды. Отадан соң екі сағаттан соң науқас үйіне жіберіледі. Тек таңып байлауға ғана келіп тұруы керек».
Бұрындары отадан кейінгі күтім күрделі өтетін. Енді қысқа уақытта көзіңіз нұрға толады деп сендіреді ақ халаттылар.
Әсел Медеубекова, көз хирургы: «Бұрындары адамдар өте ұзақ емделетін еді. Көру деңгейі де соншалықты жақсара қоймайтын. Мұның бәрі қазір артта қалды.»
Эксимерлазерлі коррекция отасын жасатып, көз жанарын жақсартқысы келетіндер аз емес екені анық. Енді Шымкенттегі көз микрохирургиясы клиникасына келсеңіз болғаны.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DavFIIJn80c[/youtube]