Жол сақшылары рейдке шықты

405
3 сағат ішінде 50 хаттама толтырылған

 

3 сағат ішінде 50 хаттама толтырылған
3 сағат ішінде 50 хаттама толтырылған

Абайлаңыз, жолаушы! Шымкент маңында жол сақшылары жолаушылар тасымалдайтын көліктерді тексеруге шықты. Соңғы уақытта қалаға қарағанда іргелес аудандардағы жүргізушілердің жол жүру ережесін өрескел бұзатыны жасырын емес. Осыған орай инспекторлар кезекті рет рейдке шықты.

Күшейтілген режимде өткізілген рейдтік іс-шараға жол сақшыларымен қоса көліктік бақылау инспекциясының мамандары да қатысуда. Оның өзіндік себебі де бар. Кейде ауыл-аймаққа жүк алып шыққан жүргізушілердің құжаттары талапқа сай болмай жатады. 

Ұсталған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі ақылы автотұраққа қойылды. Мұндай жағдай бүгінгі рейд барысында бірнеше рет қайталанып, инспекторлар хаттама толтыруға әзер үлгеріп отырды.

Осы жол жүру тәртібін бұзғандардың кейбірі ірі көлемдегі айыппұл төлесе, енді бірінің ісі сотқа жолдануы да мүмкін. Олай етпеске шара жоқ дейді тәртіп сақшылары. Олар мұндай біріккен рейдтер тек көзбояушылық үшін емес, алдағы уақытта да тұрақты өтіп тұрады деп сендіреді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ylqjMnc_pw4[/youtube]