Құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

195
Альмира Орманчина

 

Альмира Орманчина
Альмира Орманчина

ОҚО әкімшілігінің құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды. Биылғы 11-маусымда қаржы полициясы агенттігі ОҚО әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Альмира Орманчинаға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады экономикалық қылмыс пен сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметі.

Орманчина Шардара қаласының екі мектебінің оқу корпустары, спорттық залдары мен қазандықтары құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алулардың электрондық конкурстары бойынша оң шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін ЖШС директорынан 866 мың теңге сомасында пара алған деп айыпталуда. Бұған дейін Альмира Орманчинаға қатысты мемлекеттік сатып алулар конкурстарында жеңімпаз атану үшін тұтынушы кооперативінің төрағасынан бопсалау арқылы жалпы сомасы 6 млн.теңге пара алған фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тергелуде.

13-маусымда Орманчинаға сырттай айып тағылған еді. Енді оған іздеу жарияланып отыр.