қарақұрт
қарақұрт
қарақұрт
қарақұрт

Оңтүстікті қарақұрт жайлап барады. Қауіпті жәндік биылғы маусым мен мен шілде айларында күрт көбейіп кеткен. Оған қоса улы жәндік шаққан науқастардың да саны артып отыр Жаз басталғалы қарақұрттан зардап шеккен 30-дан астам адам ауруханаға түскен. Оның 4-уі жасөспірім.  Естеріңізге сала кетейік былтыр қарақұрт шаққандардың саны — 26 болған.  Өкініштісі сол жылдан жылға улы жәндіктің құрығына ілінгендердің  саны азаймай отыр.    Дәрігерлер улы жәндіктің осынша белсенді күйге көшуі қауіпті деп дабыл қағуда.

Қарақұрт шаққан адам бірден аурухана төсегіне таңылады.  Зардап шегушіні өз бетінше емдеуге болмайды.  Мәселен, Ордабасы ауданы Төрткүл елдімекенінен келген 7 жасар Асылзат Сембек бір аптадан бері ауруханада жатыр. Асылзаттың айтуынша, түн ортасында ұйықтап жатқан оның қос иығы ауырып, іші бүрген. Аудандық дәрігерлер оған екпе егіп, ыстық бөлмеде отыру керек екенін айтып, ауруханадан шығарып салыпты.  Дегенмен, арада бірнеше минут өткенде, Асылзаттың халі нашарлап, есінен танып  қалыпты. Осылайша, ақхалаттылардың  салғырттығынан бүлдіршін о, дүниелік бола жаздаған. 

«Үлкен әпкем екеуміз ұйықтап жатыр едік. Көрпемнің астында бір нәрсе жүргендей болды. Әпкем көрпемізді бірнеше рет қағып, қайтадан ұйқыға кеттік. Кенет қолымның қатты ауырып бара жатқанынан оянып кеттім. Ата-анама қолымның жансызданып бара жатқанын айтқан едім, олар ұйып қалған болар деп уқалаумен болды. Санаулы минуттардан кейін, белім ауырып, ішім бүре бастады. Қолымда үлкен қызым дақ пайда болды. Барлығы ара шағып алды деп ойлады. Сөйтсек, қарақұрт екен».

Асылзат Сембек, қарақұрттың құрығына ілінді
Асылзат Сембек, қарақұрттың құрығына ілінді

Токсикология бөлімінің меңгеруші Асылхан Мынбосыновтың айтуынша, улы жәндік шаққан кезде арақ қүйып, май жағуға болмайды. Спирттік ішімдік нерв жүйесін зақымдауы мүмкін. Ең бастысы дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. Өйткені қарақұт шақса жаныңнын аман қалуы үлкен сұрақ.

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GyFTzLV_dN0[/youtube]