Шымкентте жарылыс болған дәріханаға байланысты іс тоқтатылды

69

Былтыр 21 мамырда Шымкенттегі перзентханалардың бірінің маңында үлкен жарылыс болған еді. Облыстық перзентхана аумағында орналасқан дәріхананың қоймасында 2 тонна сутегі асқын тотығы сақтаулы тұрған. Апат салдарынан 5 қабатты тұрғын үй, медициналық нысан мен көліктерге нұқсан келді. Сонымен қатар 15 адам зардап шегіп, 3 тұрғын қаза тапқан еді.

Былтыр ауруханааралық дәріхана алаңында үлкен жарылыс орын алған еді. Салдарынан көп қабатты тұрғын үй, көліктер мен перзентхана ғимаратына ақау келді. Сонымен қатар 3 тұрғын қаза тапты. Қазір апат орны көлік тұрағына айналған.

Ал дәріхананың аман қалған ғимараты арендаға берілген. Себебі нысан заңгерінің сөзінше апаттан қалған шығынды өтеуге көп қаражан кеткен. Қомақты қаражатты табу үшін бірнеше аппараттарын сатыпты.

 Нұржан Бакиеев, «Барлық зардап шегушіге ақшалай көмек көрсеттік. 5 қабатты үйді жөндеген кісілер бізге төлем қағазын жіберді. Соған қарай ақшасын төледік. Көліктер де, қосымша нысандарды да бәрін қарап, заттарын өтеп бердік»


Зардап шеккен тұрғындар барлық шығын 2 айдың ішінде қайта қалпына келгенін айтады. Сынған есіктер мен терезелер, опырылғын қабырғаны қайта жөндеуден өткізген. Ал қала тұрғыны Үмітжан Мамакаримовтың үйімен қатар, көлігі мен қоймадағы заттары сынған. Олардың жарым-жартылай болсада шығынын өтепті.

Үмітжан Мамакаримов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Осы жерлер терезе есігімізді қалпына келтіріп берді. Санымен қатар қоймамдағы заттарымды бас-аяғы 3 млн-ға қайта қалпына келтіріп берді. Бәрін жөндеп беруге 2 айдай уақыт кетті»


Полиция қызметкерлері жарылыс себебі нақты анықталмағанын жеткізді. Сөздерінше дәлел болатан бейнежазбалар сақталмаған. Оған қоса ауруханааралық дәріхана ғимараты бірден сүріліп тасталған. Ал зерттеу жүргізуге арналған маман мен айғақ заттар жоқ.

Шымкент қаласы ПД анықтау басқармасы: «2022 жылдың 17 қазанында Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институтында «Өрт-жарылыс техникалық сараптамасын» жасай алатын бір ғана маман бар екені анықталды. Алайда сол уақытта сараптамашы кезекті еңбек демалысында болуына байланысты комиссиялық топ жасақталмады. Сонымен қатар, оқиға орны қазір өрт салдарынан толық тазартылған және бұған дейінгі жасалған сараптамаларға дәлел жетіспегендіктен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қайтарылды. Өткен жылдың 26 желтоқсанында Әділет министрлігі осыған дейінгі жүргізілген сараптама негізінде қайта техникалық тексеру жүргізуге негіз жоқ деп таныды. 29 желтоқсанда істі тоқтату туралы қаулы шықты»

Айта кетейік, былтыр Шымкентте орын алған жарылыстан 15 адам зардап шеккен. Ал жаңа туған нәресте, перзентхана күзетшісі мен 1 құрылысшы маман оқиға орнында қайтыс болған еді.