Құрылыс жұмыстарының қалдығы қала көшелерінің көркін қашырып, тұрғындарға ыңғайсыздық тудыруда. Жаяу жүргіншілердің жолын жауып, көліктердің де қатынауына кедергісін тигізіп отырған жеке кәсіпкерлер жетерлік. Еңбекші ауданына қарасты Түркістан, Ақназархан көшелерінде арнайы рейд жұмыстарын жүргізген әкімқаралар бүгін тағы ескертумен шектелді.
Түркістан және Сайрам көшесімен жүрген алдамның үйілген қоқыстан көзі сүрінеді. Қаланың дәл ортасында тазалық сақтамақ түгілі заңға пысқырып қарамайтын — Керама құрылыс компаниясы. Бұған дейін бірнеше рет ескерту алған қойма қожайыны қоқысын тазалауға асығар емес.
Таспаға түсуден тайсақтап жүрген Ақназархан көшесіндегі Айна моншасының қожайыны. Жазғы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ол, жаяу жүргіншінің жолын жауып тастаған. Құрылыс материалдарын көшенің қақ ортасына түсіріп, жұмысын қыздырып жатыр. Қала көркін қашырып, заңды бұзғаны қаперіне де кіретін емес. Тәртіп сақшылары енді оған 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салмақ.
Бахадыр Мауленов, Еңбекші АІІБ учаскелік полиция инспекторы: «Бұған дейін бұл тұлғаға ескерту болған. Бірақ та ескертуге қарамай, қоқыстарын тазаламай, бізге кедергі келтіріп отыр».
Көшедегі үйілген қоқыс пен құрылыс қалдықтарын тазалаңыз дегеннен аса алмаған Еңбекші аудандық әкімдігінің мамандары енді құзырлы органдарға арызданамыз деп отыр.
Александр Малахов, Еңбекші ауданы әкімдігінің бөлім меңгерушісі: «Бұлар ескертуге құлақ аспайды. Айыппұл салса да заңды мойындамайды. Құрылыс жасай берсін, бірақ қала көркіне нұқсан келтірмеу керек. Оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Күніге осылай күресеміз».
Көрікті қала статусы нұқсан келтірген еңбекші ауданына қарасты сегіз кәспкерге айыппұл салынған. Сонда да тәртіпке бағынып, тазалық сақтап жатқандары санаулы.