Қағазға жазған балалар арманы жүзеге аспақ

Қауысбек Тұрысбеков қорының құрылғанына 5 жыл болды
Қауысбек Тұрысбеков қорының құрылғанына 5 жыл болды
Қауысбек Тұрысбеков қорының құрылғанына 5 жыл болды

Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры қасиетті Рамазан айында «Менің кішкентай балалық тілегім» атты акциясын ұйымдастыруда. Қайырымдылық акциясы аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар өз армандары жазылған арнайы конверттерді жәшікке салып, аға-әпкелеріне жолдады.

Құрылғанына небәрі 5 жыл ғана толса да, Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорының атқарған игілікті іс-шаралары ұшан-теңіз. Олар үнемі балалар үйінің жәутеңдеген бүлдіршіндері мен мүмкіндігі шектеулі балақайларға көмек қолын созып келеді. Рамазан айында өткізіліп отырған қайырымдылық акциясының да негізгі мақсаты осы болды.

Бір қуантарлығы, аталған игілікті іс-шараға атсалысуға ниеттенген жаны жомарт азаматтар өте көп болды.

Аталған мекеме қызметкерлері балдай тәтті балғындарға аз да болса қуаныш сыйлайтындықтарына қуанышты. Олар конвертте жазылған балалар арманын жүзеге асырып, игілікті іс жасамақшы. Көзі жәутеңдеген жарымжан балалар жүрегіне жол тауып, қайырымдылық жасау әрбір жанға азаматтық парыз саналады.

Осындай өнегелі іске арқау болған Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорының әрбір бастамасы өзгелерге де үлгі болары сөзсіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zLV-DImo_hQ[/youtube]