Үш ауданға «күш» беріледі

Облыс орталығының көлемі артып, тұрғыны да талай жерге барып қалғанын бұған дейін де айтып жүрміз. Меже миллионер қала атану! Осыны негізге алған қала басшылығы облыс орталығындағы үш аудандық әкімдікке қосымша штат беруді, қалалық әкімдікке қарасты бірқатар бөлімдерді қайта құруды көздейді.

Сессия жұмысына қала әкімі Д.Сатыбалды қатысып, әкімдіктің ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау тапқанына ризашылығын білдірді
Сессия жұмысына қала әкімі Д.Сатыбалды қатысып, әкімдіктің ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау тапқанына ризашылығын білдірді

Қалалық мәслихаттың кешегі аптадағы сессиясында талқыға салынған мәселе осы болды. Шымкент қаласын басқару схемасы туралы мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов баяндама жасады. Мемлекеттік басқару жөніндегі заңнамалық актілерге сәйкес, қаланы басқару саласындағы екі мекемеде құрылымдық өзгерістер жасау ұсынысы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Ал Абай, әл-Фараби, Еңбекші аудандарының әкімдіктеріне әр қайсысына 14 штаттан орын берілмек. Олардың өз алдына бюджеті болады. «Ал, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан Шымкентке қосылған ауылдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметке тұру мәселесі қалай шешілмек?» деген депутаттар тарапынан кесе көлденең қойылған сұраққа қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, зерттеліп жатқаны, олардың жұмыссыз қалмайтындығын, комсисия өз шешімін екі айдан соң жариялайтындығын мәлім етті.

Сессия жұмысына қала әкімі Д.Сатыбалды қатысып, әкімдіктің ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау тапқанына ризашылығын білдірді.

Сонымен…

30-016