Өңірде білікті мамандар қатары көбейді

Аталған оқу орнын бітірген түлектердің 75 пайызы жұмыспен қамтылған

Бүгін Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының бітіруші студенттеріне диплом табыс етілді. Әрқайсысы түрлі сала бойынша маман атанған студенттердің қуанышында шек жоқ.

Аталған оқу орнын бітірген түлектердің 75 пайызы жұмыспен қамтылған
Аталған оқу орнын бітірген түлектердің 75 пайызы жұмыспен қамтылған

Осы сәтті 4 жыл күткен бітірушілер аздап толқып тұр. Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық инстутының бйылғы түлектері үшін осы айтулы күн ретінде есте қалмақ. Өйткені, кешегі ізденуші бүгін білікті маман атанды.

Индира Мырзалиева, бітіруші түлек: «Мардан сапарбаев атындағы институтта алған қызыл диплом мен білімім жұмысқа тұрарда да маған қиыншылық әкелмейді деп ойлаймын».

Мардан Сапарбаев атындағы гуманитарлық институты білім мекемесі болып құрылғаннан бері сан мыңдаған түлекті түлеп ұшырды. Бұл жылы да 800 бітірушіге диплом табысталды. Соның ішіндегі 10 студенттің біліктілігі туралы құжатының түсі қызыл.

Оқу орны жетекшілігінің айтуынша, мұндағы мықты педагогикалық құрам жоғары сапалы мамандарды дайындайды. Оның жарқын мысалы ретінде бүгінде институт түлектерінің 75 пайызы жұмыспен қамтылғанын айтуға болады. Олардың қатарында Жақсыгүл Өмірзақова да бар. Қызыл дипломды болған бойжеткен мамандығы бойынша 2 айдан бері жұмыс та істеп жүр.

Бұл күні сондай-ақ дипломды болған түлектердің бесеуі қосымша біліктілік бойынша сертификаттарға ие болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ERN9tgAmfbo[/youtube]