Баласына диплом әпермек болған ауыл тұрғыны 1,3 млн теңгесінен айырылды

385

Сауран ауданының тұрғыны қомақты қаржысынан айырылды. Ол ұлына диплом әпермек болған.

Полиция хабарлауынша, ауыл тұрғынына сырттай танысы ұлына «диплом алып беремін» деп уәде еткен. Ол қызметі үшін 1,3 миллион теңгесін санап алған. Алайда екі жыл бойы алдап келген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жедел-тергеу тобы құрылып, күдікті әйел ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.