Шымкент қаласы Еңбекші ауданында тұратын көпбалалы аналарға аудан әкімі Ғалымжан Ильясов салтанатты түрде «Күміс алқа» табыстады. Еліміздің демографиялық жағдайын жақсартуға үлес қосып келе жатқан 10 азаматша осындай қошеметке ие болды. Игілікті шарада асыл аналарға ақ тілектер айтылып, «Орамал тон болмайды, жол болады» деген ниетпен аудан басшысы мойындарына ақ орамал жапты.
Жасы 53-ті еңсерген аналар мен 35-інде 6 баланың анасы атанған жас келіншектер де жақсылық нышанының себепшілері болды. Өз кезегінде басшылар тарапынан марапатталған аяулы аналар қуанышты және айтар алғыстары да мол.
Ақылбекова Бибіфатима, көпбалалы ана: «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа, қала, аудан басшыларына алғысымды білдіремін. Халық санын көбейтуге атсалысқанымызды бағалап, «Күміс алқа» табыстап отыр. Аналарымыз аман болсын, жас аналар көбейе берсін!»