Кентаулық көпбалалы ана мемлекеттік грант көмегімен шағын тігін цехын ашқан

21
фото ТОӨКҚ

Кентаулық көпбалалы ана Раушан Жартыбаева мемлекеттік бағдарламаның арқасында өз арманына қол жеткізген. Бала кезден тігіншілікті армандаған ол мемлекеттен берілген мүмкіндікті пайдаланып кәсібін ашқан.

Алты баланың анасы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қайтарымсыз грант жеңіп алып, тігіншілікке қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Бүгінде шағын цехында перденің түр-түрін заманауи үлгіде тігіп кәсібін дөңгелетіп отыр.
Кәсіпкер ана Раушан Жартыбаева мектеп бітіргеннен кейін бастауыш сынып мұғалімі мамандығын аяқтаған. 2023 жылы «Бизнес және перде» онлайн тігу курстарына қатысып, тігіншілікпен айналыса бастайды. Курс сабақтарынан кейін пердені қалай тігіп, қалай сатудың қыр-сырын үйренеді. Бүгінде кәсіпкердің перделеріне сұраныс артып келеді.