Елорданың мерейтойына орай Қазығұрт ауданының жұрты да қуанышқа кенеліп жатыр. Ауданда бүгін қос бірдей балабақшаның тұсауын кесілді. «Рабат» және «Сынтас» елдімекендерінде іске қосылған мектепке дейінгі тәрбие мекемелері аудандағы балабақшаның санын 14-ке жеткізді.
«Рабат» ауылының 100 бүлдіршіні енді осы балабақшаға баратын болды. Ауылда мектепке дейінгі тәрбие мекемесі бұған дейін де болғанымен, бала саны көп. Ауылға ол тарлық ете бастаған. Бүгін ашылған «Кәусар мекемесі» балақайлармен қоса, ата-аналар үшін де маңызды.
Эльмира Сапарова, ата-ана: «Осы екі-үш жылдан бері. Салады деп айтып жатқалы бері күтіп жатырмыз. Үйде енем бар. Сол қарайтын. Туу, қашан балабақша ашылады? Қалаға апарамыз ба? Не істейміз деп айтып жататын едім. Бес ықызым бар. Екі қызым мектепке барад, екі қызым осында келеді. Қуанышымда шек жоқ. Үлкен рахмет айтамыз».
Ал «Сынтастықтар» үшін «Балбөбек» балабақшасының ашылуы үлкен жаңалық болды. Өйткені, ауылда соңғы 30 жылдың ішінде мұндай нысан болмаған. Енді, жаңадан іске қосылған тәрбие ошағында балалардың жан жақты жетілуін бақылайтын мамандар да болады.
Пернегүл Қалыбайқызы, «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі: «Арнайы психолог мамандар бар. Ән жетекшілері. Дене тәрбиесі. Орыс тілі, ағылшын тілі берілген. Төрт мезгіл тамақ беріледі. Жатын орындары. Барлық жағдай жасалған».
Бүгінгі нысандарды есептегенде Қазығұрттағы балабақшамен қамтылған баланың көлемі — 62 пайызға жетіпті. Білім бөлімінің мамандары жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 65-ке жеткіземіз деп отыр.
Жәмила Сұранова, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің әдіскері: «Келесі жылы 70 пайыз, 2015-кке дейін 75 пайыз, 2020-ға дейін 100 пайыз көтеру мақсатында біз игі істер атқарудамыз».
Дәл қазіргі күні Қазығұртта 3 пен 6 жас аралығындағы мыңнан аса балақай балабақшаға кезекте тұр. Аудандық білім бөлімі жыл соңына дейін оның 850-уін тәрбие мекемесімен қатуды жоспарлап отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bDxq3cqTXuA[/youtube]