Асылтұқымды малдың тұқымын Түлкібастан табыңыз

Түлкібас ауданындағы «Ақсанат Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Оңтүстіктегі асыл тұқымды мал басын көбейтетін бірден-бір қожалық. Мұнда Аустралиядан 400-ден аса іріқара әкелініп, етті бағытта байланады. Қазір олардың саны 700-ге жетіп қалды.

Мұнда күн сайын 10-15 ұрғашы малға ұрық ендіріліп, асылдандырады
Мұнда күн сайын 10-15 ұрғашы малға ұрық ендіріліп, асылдандырады

Ал бұл қожалықтың зертханасы. Мұнда асыл тұқымды 25 бұқадан ұрық алынып, ұрғашы малдарға ендіріледі. Асылданған ірі қаралар 500 мыңнан 3 млн. теңгеге дейін бағаланады екен.

Әзімхан Төлегенов, «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС-нің директор орынбасары: «Ангус, герефорд деген тұқым біздің облысмызда жоқ. Алғашқылардың біріміз. Етті бағытта болғаннан кейін бұлар күніне 800 грамнан 1 кг-ге дейін салмақ қосады. Рационды дұрыс берген уақытта бұлар сондай салмақ қосады. Өздеріңіз көргендей біздің 1 жастан асқан бұқаларымыз 1 тоннадан асып тұр қазіргі таңда».

Бұл азықты мамандар ірі қараларға күніне бір рет береді
Бұл азықты мамандар ірі қараларға күніне бір рет береді

Іріқаларға санаулы күндерде ет бітіріп, семіз мал алуға себеп болып жатқан мына су десек артық айтпаймыз. Көзге қарапайым ғана көрінетін бұл тұнбаның аты бір жасушалы микробалдырлар деп аталады. Құрамы тұнып тұрған минерал. Оңтүстіктегі пилотты жоба оң нәтиждесін осы күнде ақ бере бастаған.

Баһадүр Юсупов, қожалықтың азық-түлік бойынша маманы: «Құрамында 15 витамин. Ақуыздың мөлшері 60 пайызға дейін. Табиғи антибиотиктер. Барлығы мұның құрамында бар. Яғни, мал шаруашылығық өнімділігін 15-тен 20 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге мұны өсіру технологиясы өте қарапайым. Көп нәрсені қажет етпейді».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NGq0N5TAIPc[/youtube]

Тұнба кез келген мал түрінің өнімділігін арттыра алады дейді мамандар. Және оның еті де уланбайды. Қазіргі күні асыл тұқымды мал өсіретін қожалықтың ірі қаралары Түркістан мен Ордабасыда жүр. Жалпы облыстағы барлық аудандардан сатып алу үшін тапсырыстар түсе бастаған.