«ДомСтрой» компаниясы 20 мыңыншы сатып алушысын құттықтады. Қазақстан нарығында аз ғана уақыт ішінде абыройға ие болған «Домстройға» сатып алушылардың да сенімі зор. Құрылысқа қажетті шатыр материалдарын тасымалдаушы компанияның бүгін де клиенттері аз емес.
Шатырға қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға келген Амангелді Әліқұлов «Дом стройдан» сыйлық алып кетем деп ойламаған да. Керек жарағын саптап алған ол бағалы сыйға қуанып қалғанын айтады.
Амангелді Әліқұлов, «ДомСтрой» компаниясының тұрақты клиенті: «Мен өзім инженер құрылысшымын. Барлық кезде осы дүкеннің құрылыс материалдарын сатып алам. Бағалары да қымбат емес. Сапасы өте жақсы. Таныстарыма ылғи да жарнамалап жүрем».
«Домстройда» бәрі бар. Баспана, офис қандай құрылыс болса да шатырға қажеттінің бәрі шетелдің ең мықты өндірушілерінен әкелінген. Ұлыбритания,Франция және Кореи, Ресей мен Польшаның тауарларын табасыз мұнда.
«Домстрой» тек шатыр жабдықтарын тасымалдап қана қоймай, тағы бір қызмет түрін ұсынады. Дизайн жобаның сызбасын жасап, сіздің талғамыңызды дөп таниды. «Домсторй» дизайнерлері болашақ баспанаңыздың үлгісін заманға сай етіп жасап береді. Айта өтейік, компания клиенттеріне дизайн жоба тегін жасалады.