Бәйдібек аудандық «Нақыпбекұлы Әуен» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі Әбдімүтәліп Көбеев қатысып, жиналған жұртшылыққа «Рамазан айы мүбарак, ниеттеріңіз қабыл болып, көп ұлтты елімізде әрқашан татулық пен бірлік болсын!» деген ақ тілегін жеткізді. Мұнан соң сахна төріне көтерілген көкшетаулық ақын Арман Бердалин өнегесі мол өлеңдерімен тыңдарманды сусындатты. Жан сарайымызды жібітті.
Ақынның ұлағатты сөздері мен әңгімелері құйқаңды шымырлатардай. Әуелетіп ән салған «Сәт» триосының әншілеріне риза болғандар көп. Соңына қарай, Рамазан айы хақында Біржан Байтуов пен Нұрлыбек Мейірманов айтыс көрігін қыздырды. Міне, ауданымызда берекелі ай осындай мәнді мерекемен бас-талды.
Бағлан БАЛТАЕВ, Бәйдібек ауданы