АНОНС Жаңалықтар 

Нұржан Тұрсынбай сот шешімімен қызметінен босатылды

Басынан дау арылмаған облыстық дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығы директорсыз қалды. Бүгін осы орталықтың директоры Нұржан Тұрсынбай сот шешімімен қызметінен босатылды. Ол өткен жылдың 1 маусымында өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Кейін Қаратау аудандық сотының шешімімен өз лауазымына қайта оралды. Сол кезде орталықтың қызметкерлері оның қызметке тағайындалуына жаппай қарсылық танытты. Олар бұл наразылықтарын Нұржан Тұрсынбайдың діни орталықты басқаруға лайық еместігімен түсіндірген еді. Сосын облыстық дін істері басқармасы Қаратау аудандық сотының шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсірді. Облыстық сот істі басқарманың пайдасына шешіп берді. Нұржан Тұрсынбайдың 1 маусымнан бастап…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

«Кімнің көзі тозақта жанбайды?»

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы Ербол Қалшабеков:      — Бүгін Отан және дін тақырыбында сұхбат жүргізбекпіз. Осы турасында не айтасыз?     — Дін, Отан мәселесіне келер болсақ екеуі де қасиетті ұғымдар. Пайғамбарымыздың өзі Мекке қаласынан Медине қаласына қоныс аударатын кезде Хазрауа деген жерде түйесін тоқтатып, өзі туып өскен, кіндік қаны тамған Мекке қаласына қарап, «Алланың атымен ант етейін, егер тағдыр тауқыметіне ұшырамағанымда бұл қаладан бір елі де ажырамас едім» деген екен. Ұлтымыздың жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың «Балам дейтін жұрт болмаса жұртым дейтін бала қайдан…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Ғылыми конференция өтті

Бүгінде дін тақырыбы өте өзекті мәселе айналып отыр. Әсіресе теріс ағымдар сан ғасырлардан келе жатқан рухани құндылықтарымызды жоққа шығарып, кереғар пікір туындатып жүргендердің аз еместігі мәлім. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлардан бері түзу жолдан таймай келе жатқан ізгі жолын бұрысқа балап, теріс жолға салуға үндейтіндерге бір тосқауыл болуы керек-ақ. Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен дін саласы бойынша ғылыми-конференция өтті. Елбасы «Жақын арада Қазақстанның исламтанудағы өзіндік моделі жасалады» деген сенімді пікір айтқан болатын. Аталмыш конференция осының жалғасы іспеттес. Келелі басқосуға дін саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген теолог ғалымдар мен имамдар қатысты. Асылбек Әуезханұлы, «Асыл…

Read More
Жаңалықтар 

Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

Таяуда осы тақырыпта Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов жүргізіп отырды. Жиынға Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин  мен «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу, талдау» және «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталықтарының» басшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жауапты қызметшілері, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының дін істері басқармаларының жетекшілері, дінтанушы-теологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. мамандар қатысты. Пленарлық мәжілістен кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Діни…

Read More
Жаңалықтар 

Республикалық конференцияға дайындық басталды

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» ұйымдастырып отырған «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуіне дайындық жүруде. 2015 жылдың 14-15 тамызы күндері Қазақ хандығының 550 жылдығына орай іс-шараның дайындығымен Нұржан Арыстанбекұлы таныстырып өтті. Конференцияға қатысуға мемлекеттік және аймақтық басқару, облыстардағы дін істері басқармалары және «Оңалту орталықтары», ғылыми мекемелер өкілдері, ЖОО-ның дінтанушы оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар шақырылады. Конференция жұмысы «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» тақырыбымен пленарлық мәжіліспен ашылып, «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі», «Қазақ хандығы тұсында діннің маңыздылығы» және «Дін…

Read More
Жаңалықтар 

Ұлттық идеология отбасыдан басталады

Еліміз тәуелсіздігін алып, әлемдік өркениеттегі өз орын анықтауға бет алғанына да 24 жыл болды. Осы әлемдегі біздің алатын орынымыз қандай, ертең қандай болмақ деген мәселеге тоқтар болсақ, ол да ұлттың ертеңі. Оның бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, біліміне, тыныштығына, ұлт алдындағы жауапкершілігін сезінуіне тікелей байланысты екені анық. Мен осы ұрпақ тәрбиесіндегі діннің маңызды екенін айтқым келіп отыр. Өйткені діни сауатсыздық және дінсіздік адамзатты құрдымға алып барады. Сол мәселелерді болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс арнаға бұру керек. Онымен қоса ата-бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен құндылықтарды бойларына сіңіру аға буын өкілдеріне басты міндет деп санаймын.…

Read More