Баспанасы үшін бас көтерген Қазығұрт шағынауданының тұрғындары соттан арыла алмайтын болды. Үйлері мұнай құбыры жүргізілген аймаққа жақын орналасқаны үшін «ҚазТрансОйл» Акционерлік қоғамы сотқа берген.
Арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы Талғат Баймаханов Абай аудандық соты 13 тұрғынның үйін бұзу туралы шешім шығарғанын, ал он бесін ішінара қалдырса, 8 шешім тұрғындардың пайдасына шешілгенін жария етті.
Өңірлік мұнай құбыры басқармасының тізгінін ұстаған халық қалаулысы тұрғындардың жағдайын ойлап құбырларды қала сыртына шығармақ та болған. Алайда облыстық биліктен мардымды жауап болмапты. Енді қауіпсіз аймақ қашықтығын бостау үшін, соттың жалғаса беретінін ресми баяндады.
Талғат Баймаханов, «ҚазТрансОйл» Шымкент мұнай құбырлары басқармасының директоры: «Біз қалай соттастық, солай соттаса береміз-біріншіден. Екіншіден бізге облыстың басшылары бірінші жерді шешіп берсе, екінші трубаны 11 километрге айналып өтуге қаржы берсе, қарсы емеспіз».
Айта өтейік, облыс бойынша төрт ауданда екі жүздей баспана мұнай құбырының қасына немесе үстіне салынған.