«Сәуле» шағынауданының тұрғындары берілген уәденің аяқсыз қалғанына наразы

"Сәуле" шағынауданының тұрғындары бас көтеріп, облыс әкімдігіне тағы келді

Облыстық әкімдіктің алдына «Сәуле» және «Қазығұрт» шағынауданының тұрғындары наразылығын білдіру үшін тағы жиналды. Оған, баспаналарының бұзылатыны туралы кезекті рет келген сот орындаушыларының ұйғарымы түрткі болған. Еске салсақ, «Сәуле» шағынауданның дәл ортасынан өткен «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырына жақын орналасқан ондаған шаңырақты бұзу мәселесі көтерілген еді.

vlcsnap-2013-11-27-18h22m20s219

Ашу мен ызағы булыққан «Сәуле» шағынауданының тұрғындары ешқайда көшпейміз деп отыр. Айтуларынша, сот өкілдері келіп, желтоқсан айының 13-не дейін баспаналарын босатуын талап еткен.

Несіпкүл Есжанова, «Сәуле» шағын ауданының тұрғыны: » Мен 1997 жылдан бері «Сәуле» шағынауданыныда тұрамын. Ешуақытта «ҚазТрансОйл» компаниясының құбыры бар екенін білмеймін. Ол кезде ол жер тегіс еді. Енді келіп заңды қозғай қылыпты. Үш жыл болды соттасып жүргеніме».

Естеріңізге сала кетейік, басы жиырма жыл бұрын қоныстанған тұрғындар соңғы үш жылдан бері «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамымен соттасып келеді. Тұрғындардың діттегені – жері мен баспанасы болса, мұнай тасымалымен айналысатын мекеме құбыр жүргізілген аумаққа жақын орналасқан үйлердің бұзылуын талап етіп отыр. Бұл мәселеге тіпті облыс әкімі де араласқан еді».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=M4HutrPaWNc[/youtube]

Үш ай бұрын тұрғындар  құбыр қожайындарымен үшжақты келіссөз жүргізген еді. Сол кезде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі «ешкімнің шаңырағы шайқалмайтынына» уәде еткен болатын.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Үйлер өз орнында қалады. Тұрғындар өз баспанасында емін-еркін тыныш өмір сүреді».

Тұрғындардың түйтікілді мәселесін шешу қалалық әкімдікке жүктеліпті.

Бауыржан Қалжанов, Әл-Фараби ауданының әкімі: » Мен бұл мәселемен таныспын. Сот орындаушылары мен тұрғындарға түсіндірілді. Тұрғындар енді алаңсыз өз үйлерінде тұра беруіне болады».