Мақтаралда «Нұр Отан» партиясының жаңа ғимараты бой көтеріп жатыр.
Екі қабаттан тұратын билік партиясының мекемесі енді мырзашөлдіктердің арыз-шағымын қабылдайтын орталығына айналмақ.
Бұған дейін партияның мүшелері аудандық әкімдіктің ғимаратында қысылып отырып жұмыс жасаған еді.
«Нұр Отан» партиясының Мақтаралдағы филиалының құрылысы қыркүйек айына дейін бітеді.
Жалпы, аудандардың барлығында да билік партиясының арнайы ғимараты болады деп жоспарлануда. Мұндай нысан Созақ ауданында да салынып жатыр.