Мақтаралдықтар алма өсіруде озық тұр

Италияндық сұрыптардың ерекшелігі сол, көшеттер бірінші жылы ақ өнімін бере бастайды екен.

Мақтаралдың шаруалар бамбук басында алма өсіруді қолға алып жатыр. Таңқаларлығы сол, биыл еккен көшет осы жылы-ақ өнімін береді. Ал жеміске құрт-құмырсқа мүлдем түcпейді екен.

Италияндық сұрыптардың ерекшелігі сол, көшеттер бірінші жылы ақ өнімін бере бастайды екен.
Италияндық сұрыптардың ерекшелігі сол, көшеттер бірінші жылы ақ өнімін бере бастайды екен.

Байқасаңыз, алма көшеттері бамбук ағаштарына байланып тұр. Қожалық төрайымы бұл әдісті Италиядан үйреніп, бамбуктарды Қытайдан әкеліпті. Ол көшеттің түзу әрі сынбай өсуіне себеп болса керек. Мақтаралдың «Жылы су» ауылдық округіндегі «Қаршыға» фермерлік қожалығы бүкіл Мырзашөл аймағына үлгі. Мұндағы 200 гектардай жерде алма-жүзім секілді жеміс-жидектің 10 шақты түрі ерекше технология бойынша өсіріледі.

Қожалық төрағасының айтуынша, бұл шаруа әрі табысты. Мәселен, алманың бір гектарынан 50 мың АҚШ долларына дейін пайда табуға болады екен. Көл-көсір пайдаға кенелетін кәсіп түрі облыс әкімін де қызықтырды. Әкімнің ойы Мақтаралдық өзге де шаруалар осындай кәсіп түріне ауысса екен дейді. Сонда аудандағы су тапшылығы мәселесі сезілмес еді. Өйткені, бауды баптау ісіне мақтамен салыстырғанда көп су кетпейді екен.

Қаршыға Ақтөреева, «Қаршыға» фермерлік қожалығының төрайымы: «Бір осындай талда кемінде 65 алмаға дейін болды. Бірақ біз оны үзіп тастап отырмыз. Себебі, біз алдымен жапырақтарын көбейтіп алу керекпіз. Себебі, алмаға келешекте күн түспеу керек та. Өйткені, ьізде күн бәрібір ыстық. Италияның ауасымен мың жерден неқылғанымен болмайды. Сондықтан бірінші жапырақтарын көбейтіп алып, өнімге сосын мән бере бастаймыз».

Алма бауынан пайда түсе қойған жоқ. Әзірге, жас көшеттер тамшылатып суғарудың арқасында түрлі минералдарға байып, құрт-құмырсқадан сақталып тұр. Алқапта мұнан бөлек, алмұрт, шабдалы, өрік, шие, анар мен жүзім де бар. Піскесін, жеңсік асты арнайы техника жинайтын болады. Әзірге Мақтаралда заманауи технологиямен жұмыс істеп жатқан жалғыз алма бағы осы. Ал облыс бойынша жеміс-жидек бағының көлемі бар болғаны — 18 мың гектар ғана.

Мақтаралдағы алма бағының көрінісі мынадай:



//



//