Назар аударыңыздар! Дәрігерлер ес-түссіз жатқан науқастың туыстарын іздейді

617
Науқас әлі есін жиған жоқ

Науқастың кім екенін анықтауға көмектесіңіздер! Шымкенттік дәрігерлер осылай деп тұрғындардан көмек сұрайды. Қалалық жедел-жәрдем ауруханасына шілденің 12-інен 13-іне қараған түні жасы шамамен 22-25 шамасындағы жігіт жеткізілген.

Науқас әлі есін жиған жоқ
Науқас әлі есін жиған жоқ

Оны жүргіншілер «Электрон» аялдамасының қасында ес-түссіз жатқан жерінен көріп, жедел жәрдем қызметінің кезекшілігіне хабар берген. Ауруханаға жеткізілген соң дәрігерлер оның иығы сынғанын анықтады. Оған қоса басынан жабық ми жарақатын алған жігітке дереу көмек көрсетілген. Ауруханаға түскен сәтте 3-дәрежелі комадағы науқастың халі қазір 2-дәрежелі кома дейді дәрігерлер. Яғни, жағдайы біршама жақсарған.

Науқастың мойнына тату салынған
Науқастың мойнына тату салынған

Содан бері 4-ші тәулік өтіп барады, алайда науқас әлі есін жиған жоқ.  Егер осы жігітті танитындар болса, Шымкенттің жедел жәрдем ауруханасына немесе «Отырар» телеарнасына хабарласуына болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=A2cFncTuYsA[/youtube]