Шымкент қаласындағы "Механомонтаж" ЖШС ғимараты
Шымкент қаласындағы "Механомонтаж" ЖШС ғимараты
Шымкент қаласындағы «Механомонтаж» ЖШС ғимараты

Өңіріміздегі компаниялар еңбеккерлеріне жалақы төлеуге қауқарсыз. Жыл басынан бері мемлекеттік Еңбек инспекциясы облыстағы мекемелердің өз жұмысшыларына 225 млн-нан астам теңге мөлшерінде жалақы бермей отырғанын анықтаған. Қызметкерлеріне қарыз болған 44 кәсіпорынның 33-і берешегінен бүгінге дейін құтылған. Ал, қарызға белшесінен батқан 9 мекеме жұмысын тоқтатты.

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысында 44 мекеме жұмысшыларға жалақы қарыз боп қалған. Соның басым бөлігі берешегінен құтылған болса, 11 жекеменшік компания еңбеккерлеріне 23 млн. теңгеден астам қаржы қарызданып отыр.

Бірақ борышкерлер оны өтеуге асығатын емес. Қарызға белшесінен батқан мекемелер арасында қаламыздағы “Механомонтаж” құрылыс компаниясы көш бастап тұр. Еңбек инспекторларының айтуынша, оның өз қызметкерлеріне 5,5 миллион теңгеден астам берешегі бар. Бірақ,барды жоққа шығарған фирма басшылары бет бақтыратын емес.

Нүркен Махажанов, «Механомонтаж» ЖШС-нің директоры: » Мен ешкімге қарыз емеспін».

Жыл басынан бері Еңбек инспекциясы облыс бойынша 225 млн. теңгеден астам жалақы қарызын анықтаған. Оның бірнешеуі бойынша сот үкімі де шыққан. Алайда борышкер мекемелер оны орындауға асықпай отыр. Сот салған айыппұлды айтпағанда, жұмысшылардың жалақысы төленбей келеді. Өңіріміздің Бас еңбек инспекторы жалақыдан қағылғандар жағдайын мекеме басшыларының сауатсыздығынан көріп отыр.

Бастар Есқараев
Бастар Есқараев кәсіпорын басшыларының сауатсыздығы қарызға әкеледі деп отыр

Бастар Есқараев, ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы: «Бәрібір біз оған міндетті түрде төлетеміз. Қиналса да төлеуі керек. Шаруашылық субьектісімен соттасу керек».

Еңбек құқығын сақтамаған 11 компанияның мәселесі сотта қаралып жатыр. Ендігі мәселе, еңбеккерлердің өз құқығын білуінде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=G2ao29i4wEE[/youtube]