Биыл қазақстандықтар қауын-қарбыздан таршылық көрмейді. Маусым басталысымен -ақ 300 тонна бақша өнімдерін жинап, ректордтық көрсеткішке қол жеткізген Оңтүстіктің дихандары осылай деп отыр. Еліміздің өзге өңірлері тұрмақ, Ресей және Батыс Еуропа біздің қарбыздарға қарқ болып жатыр. Жыл сайын ең көп бақша өнімдерін өндіретін мақтаралдық дихандармен біз де тілдесіп қайттық.
Марат Мырзахметов мол өнім алу үшін егістік алқаптағы жұмысты ерте көктемнен бастаған. Оның жылда егетіні жаз маусымында сұранысы жоғары болатын бақша өнімдері. Жыл сайын жоғары сұрыпты жеміс жинап жүрген шаруа биылдың өзінде ауыр жүк көліктеріне тиелген қарбыздарды шет ел асырып жатыр. Айтпақшы, дихан ауыл жастарын да ұмытпайды. Қыста жылыжайды баптайды, күн жылысымен егіс аймағында қызу жұмыс жүреді.
Марат Мырзахметов, дихан: «Диханның да диханы болуы керек. Ол өнімді шығару керек. Мына егінді ерте көктемде бастаймыз. Сол наурыз айында мынау біраз жылдан келе жатқан технология пленка, плненка қызады, жер қызады. Жер қызғаннан кейін, ішіне тастаған шопағымыз қызады да «определенный» температурамен ерте піседі. Жаңа технология деген бар қазір. Мына голландиядан келіп жатыр ұрықтар. Сол ұрықтарды егіп, осындай өнімдерді алып жатырмыз».
Өткен жылы Оңтүстік дихандары бау-бақша жинауда рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Соның басым бөлігі мақтаралдық дихандар үлесінде. Биыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасы егістік алқабының көлемі 31 мың гектерға артқанымен, бақша дақылдарына арналған алқатпың 1 мың гектарға кемігенін мәлімдеді. Бірақ өнім көлемі ойдағыдай.
Нұрбек Бадырақов, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, егін және су шаруашылығы бөлімінің басшысы: «Бүгінгі күнге 300 мың тонна өнім жиналды. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 112 мың тоннаға артық. Биылғы жылы да бақша дақылынан түсетін өнім көлемі өткен жылғы рекордтық көрсеткішке қол жеткізу мүмкіндігі бар. Гектар көлемі қысқарғанымен. Өйткені бүгінгі таңда, 210 центнер гектарына өнімділік жинап жатыр. Оның 245 мың тоннасы еліміздің өзге облыстарына бүгінгі таңда жөнелтілді. 5 мың тоннасы Ресей Федерациясына жөнелтіліп отыр».
Биыл 53 мың гектардан бақша өнімін алу жоспарланған. Бүгінде оның 14 500-інен жиналып жатыр. Көш басында Мақтарал, Шардара, Түркістан, Арыс, Сарыағаш аудандары тұр . Айта кетейік, былтыр Оңтүстіктен 1 млн. 101 мың тонна қауын-қарбыз жиналған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uBo3-4jkAmU[/youtube]