Облыстық сот 6 айды қорытындылады

321
Баспасөз мәжілісі облыстық сотта өтті

Шымкентте облыстық сот жарты жылдық жұмысын қорытындылады. Жыл басынан бері түрлі деңгейдегі сотта 23 мың азаматтық іс қозғалып, 26 мыңнан астам талап-арыз түскен. Бұл – өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға артық.  Атқарылған жұмыс көп, алайда, алда әлі де қыруар шаруа бар.

Баспасөз мәжілісі облыстық сотта өтті

Бірден айтайық, сот саласындағы жетістіктің бірі – сырттай шығарылатын шешімдердің саны азайған. Яғни, айыпталушы тараптың қатысуынсыз оқылатын үкімдер әлдеқайда кеміген. Бұл – халықтың түсінушілігіне қол жеткізілді деген сөз дейді облыстық соттың төрағасы.

Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың төрағасы

 

«Облыс деңгейінде пайызбен шаққанда сырттай шығарылатын сот шешімдерінің саны азайып отыр, – дейді облыстық соттың төрағасы Нұрсерік ШӘРІПОВ. –  Абсолюттік цифрмен айтсақ, былтыр жарты жылда сырттай оқылған үкімнің саны 4 мыңнан асып кетсе, биыл – бар болғаны 1176. Яғни, 26 пайызға аз. Және бұзылғаны да аз».

Сотта қаралатын істердің арасында халық арасында үлкен әгімеңе арқау болғандары да бар. Соларыдң бірі – 11 әйелдің өмірін қиған халықаралық қылмыстық топтың ісі. Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтары екі елдің шекарасында жүріп, қыз-келіншектерді зорлаған әрі өлтіргені белгілі. Сол қанішерлер таяуда тиісті жазасын алып, екеуі елде өмір бойы түрмеге тоғытылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=E0TJdCpBWJk[/youtube]

Айта кету керек, жыл басынан бері түрлі деңгейдегі сотта 23 мың азаматтық іс қозғалып, 26 мыңнан астам талап-арыз түскен. Бұл – өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға артық. Тиісінше, шығарылған үкімнің саны да артып отыр. Ал әділқазылар алдағы уақытта да білек сыбана кірісетін жұмысымыз көп деп отыр.