Ордабасыда глициризин қышқылы өндіріледі

516
табиғи өсімдіктер

«Сейітбек әулеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фармацевтикалық зауыты Шұбар ауылындағы индустриалды аймақта орналасқан. Қызыл мия дәрілік өсімдігінің тамырын өндеп, глициризин қышқылын алатын бұл жобаның қуаттылығы жылына 300 тонна дайын өнім алуға, сондай-ақ 600 тонна өзге де қышқылдар алуға мүмкіндік бермек.

Фармацевтикалық жобамен танысу барысы
Фармацевтикалық жобамен танысу барысы

Индустриалды карта аясында іске асып жатқан бастама биылғы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілмек. Облыс басшысы қызыл мия өсімдігін дәрумендік қаситінен бөлек өзен жағалауларын бекемдеу үшін де отырғызу тиімді екенін айтып өтті. Серіктестік шикі затты өздері өндіріп, өсіру үшін 10 мың гектар жер керектігін де жасырмады. Сұраныс құпталса, бастама аяғынан нық тұрып, денсаулық сақтау саласын жандандыратыны бар.

табиғи өсімдіктер
табиғи өсімдіктер

Әбдірахым Жұмабеков, «Сейітбек әулеті» ЖШС-ның директоры: «Түрлі химиялық заттар бар. Глициризин қышқылы, цитизин, итмұрын, тағы сол сияқты құрамы жоғары заттар алынып,бәрі өндірістік көлемде қолданылады. Одан әрі зауыттарда түрлі дәрілер өндіріліп шығарылады».