Шымкентте жалған полицей ұсталды

300
Студенттің арманы орындалмай қалды

 

Студенттің арманы орындалмай қалды
Студенттің арманы орындалмай қалды

Шымкентте полицей болуды армандаған жігіт тұтқындалды. Тәртіп сақшысының киімін киіп көше кезіп жүрген жалған полицейді шын полиция қызметкерлері ұстады.

Оның бірден көзге түсуіне күштік құрылым қызметкеріне тән емес, шаш қою үлгісі себеп болған.

Жігіт жалған полицейдің киімін кигені аздай, ішімдік ішіп алған. Ұсталғанның сөзінше, ол қаладағы ЖОО-ның бірінде 4-ші курс студенті.

Құқық қорғаушының киімін заңсыз кигені үшін енді ол заң алдында жауап беретін болады. Егер тергеу барысында алаяқтық немесе бопсалау жағдайлары анықталғанса, қылмыстық іс қозғалады. Ал құр тәртіп сақшысының киімін киген болса айыппұл төлейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1h_b-ZMgDuk[/youtube]