Түлкібаста қаңырап тұрған ғимарат жоқ

200 орындық мектеп қыркүйектен бастап пайдалануға беріледі
Бұрынғы мәдениет сарайының іргетасы 1984 жылы қаланған
Бұрынғы мәдениет сарайының іргетасы 1984 жылы қаланған

Түлкібас ауданында қаңырап, кәдеге жарамай тұрған ғимарат жоқ. Дей тұрғанмен мұндағы жалғыз сүт зауыты қазір қаңтарылып тұр. Облыс әкімінің ауданға арнайы іс-сапары кезінде осы өндірісті іске қосу мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, өлкедегі тірлігі тоқырап қалған кәсіпкерлердің хал ахуалымен танысқан өңір басшысы күрделі мәселелерде де қаперіне іліп қайтты.

Түлкібаста тағы бір мектеп пайдалануға дайын. Әлеуметтік картаның аясында қолға алынған ғимараттың іргетасы 1984 жылы мәдениет үйі ретінде қаланған еді.

Міне Тастұмсық ауылындағы бұрынғы мәдениет үйінің тоқырап, тоқтап тұрғандағы суреттері. Түлкібас аудандық сәулет бөліміндегілердің айтуынша, ауданда кәдеге аспай тұрған нысан жоқ.

Қуандық Ахметов, Түлкібас аудандық сәулет бөлімінің басшысы: «Жұмыс енді 85 пайыз болды. Оборудованиені санамағанда. Сомен 15 пайыздайы августтың 10-на бітсе, госкомиссиямыз бар. Сонымен 20-на тапсырамыз Құдай қаласа».

Тоқтап тұрған цехті іске қосу үшін 30 мың АҚШ доллары қажет
Тоқтап тұрған цехті іске қосу үшін 30 мың АҚШ доллары қажет

Ал Азаттық ауылынан осыдан 5 жыл бұрын ашылған «Майлыкент сүт» серіктестігінің бар қиыншылығы қаржыға келіп тіреліп тұр. Мұндағы тоқтап тұрған цех жұмысын басшылық әкімге осылай түсіндірді.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: Бұрынғы берілген ақша жетпеді. Қосымша тағы да ақша қажеттілігі туындап отыр да. Менің сұрайын деп отқаным алғашқы ақша бөлінгенде неге ала алмадыңыз. Кейінгілерге ақша жетпей жатыр. Ал сіздікі бұрыннан белгілі жоба ғой.
Қожалық төрағасы: Ниязбек Сауытбеков, кооператив төрағасы: «Бұрын бұл жерде полиэтиленовый цех еді. Сосын оны біз переоборудование еттік. Ескі еді. Қайтадан оборудование алдық».

Тоқтап тұрған құрылғылар жұмыс істеп, Түлкібастықтар ағарғанмен қамтамасыз етілу үшін тұтыну кооперативіне 30 млн. теңге керек. Асқар Мырзахметов ниязбек Сауытбековке қаржы көздерін қарастыруда қол созатынын уәде етті. Жоба жүзеге асса зауыт жылына 3 мың тонна сүт өндіреді.

Облыс басшысы қаржы көздерін табуға көмектеспек
Облыс басшысы қаржы көздерін табуға көмектеспек

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5CKpvKsQLJY[/youtube]