Түлкібастың ауыл әкімдері салақ екенін аңғартты.
Ауданда атқарылған жарты жылғы жұмыс қорытындыланған активте Асқар Мырзахметов Түлкібастағы ауыл әкімдерін орнынан тұрғызып қойып сынады.
Облыс басшысының баса айтқан мәселесі көше тазалығы. Туризмді дамыту жоспарланып отырған Түлкібас ауданы үшін бұл өзекті мәселе. Мұнан бөлек аудан шаруалары жоңышқа егуде қалыс қалып барады.
Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Рысқұлов-Құлан» тас жолының бойы. «Тастұмсық» ауылдық округі. «Майлыкент», «Жабағлы, «Түлкібас», «Мичурин» ауылдық округтарі. Бірақ бұлардың бәрі тізімге еніп кетті. Қалай түсінеміз мұны? Мен өткенде селекторда айттым. «Ей ағатай, еш болмаса осыны істесейші. Алдыңда сайлау келе жатыр», — деп. Осыдан кейін қалай әкім болмақшысың? Егер ауылдың тазалығына шамаң келмейтін болса. Онда сенен не сұрауға болады. Қалай ұялмай сайлауға бара жатсың?