Топырақ қазғандардың техникасы тәркіленеді

301
айыппұлдан айылын жимайтындар енді тұтылатыны даусыз
айыппұлдан айылын жимайтындар енді тұтылатыны даусыз
айыппұлдан айылын жимайтындар енді тұтылатыны даусыз
эксковаторыңыз айыптұрағына әкетілсе, таңданбаңыз...
эксковаторыңыз айыптұрағына әкетілсе, таңданбаңыз…

Заңсыз жер қазып, топырақ тасып, ақша тапқысы келгендердің енді техникасы мен мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленеді. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне мұндай өзгеріс ОҚО табиғат қорғау прокуратурасының ұсынымен  енгізілген. Енді, табиғатқа теріс пиғыл танытатындар азғана айппұлмен құтыла алмайтын болды.  Жер қойнауын заңсыз қазып, өз пайдасын ойлағандарға қатысты қадағалаушы орган өкілдері 15 әкімшілік іс қозғап, 2,5 млн. айыппұл салған. Сот арқылы 486 млн. теңге өндірілген. Бірақ заңның солқылдақтығынан табиғатқа нұқсан келтіретіндерді түбегейлі тыйю қйын болды. Енді талапты күшейді.

Жанболат Туғанбаев, ОҚО табиғат қорғау прокуроры: «Біз жыл сайын қайта қайта рейд өткізіп тұрамыз. Айыппұл саламыз. Бірақ айыппұлдарын төлеп алып, қайтадан үйреншікті кәсібіне кірісетіндер көп. Сондықтан да барлық жағдайды саралай келе ҚР Бас прокуратурасына облыстық прокуратура арқылы ұсыныс жасаған болатынбыз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне толықтырулар енгізіп, 122 баптың талаптарын күшейту туралы. Ұсынысымыз қолдау тауып, 2013 жылдың 3-ші шілдесінен бастап заңға өзгерістер енгізілді. Ендігі жерде айыппұл салынып қана қоймай, сол жерден табиғатқа зиян келтіріп жатқан құрал жабдығыңыз да тәркіленеді. Сол себепті алдын ала заңға енгізілген өзгертулерді ескертіп айтып жатқанымыз».

Иә, табиғатқа нұқсан келтіргендердің техникасы шынында да енді тәркіленетін болады. Бірақ та бұрыннан айппұл төлеп құтылып жүргендер әзірге топырақты әкесінен қалған мұрадай қазып, тасып әуре. Олар ескермейтін сияқты, бұдан былай айыппұл төлеп қана қоймай, зақым келтірген құралыңыздан айырыласыз.

Жер қазып, жанын баққандардың басында көкесі бар дейді көптің бірі. Сол көкесі барлардың кесірінен мына жерден күн сайын 60 камаз топырақ заңсыз тасымалданады екен. Оған көкелерінен кейін опырайып қалған көлшік суға шомылғанына мәз болған балақайлар куәгер.  Үш эксковатор жұмыс істеп тұр тынбастан

ОҚО табиғат қорғау прокуроры Жанболат Туғанбаев
ОҚО табиғат қорғау прокуроры Жанбол
жер қойнауын заңсыз пайдаланғандардың техникасы тәркіленеді
жер қойнауын заңсыз пайдаланғандардың техникасы тәркіленеді

Өз табиғатымызға қиянат жасайтындар өзге емес, өз өлкеміздің тұрғындары. Табиғат қорғау прокуроры осылай дейді. Енді топырақ тасып жатып, техникаңыздан айырылсаңыз өзіңізге өкпелеңіз-дейді олар.