Бүгін туған жерге оралған 17-бүкіләлемдік жазғы универсиада жүлдегерлерін шымкенттік жанкүйерлер қарсы алды. Айта өтейік, мақтаныштарымыз -Қазан қаласында мерейімізді үстем етті. ОҚМУ-нің студенті Олеся Снегиреевич оқ атудан командалық жаттығуда бір алтын, бір қола жүлде салған жерлесіміз.
Темір жол вокзалында универсиаданың қола жүлдегері еркін күресші Бердақ Пірімбаев та қошеметке бөленді. Қазанда палуан 55 келі салмақта бөз кілемге шыққан болатын. Бірінші белдесуінде Бердақ молдаванды 5-4 есепбімен жеңіп, кейін түркиялық спортшының жауырынын жер иіскетті. Ал үшінші орынға таласта жерлесіміз ирандықтан басым түскен.
Қазақстандық Сергей Емельянов Дүниежүзілік Универсиадада ел қоржынына екі күміс салды. Каноэ мен байдаркада ескек есуден 1000 метрлік жарыста жерлесіміз венгриялық Тамаш Кисске ғана есе жіберді. Ертеңіне 500 метрлікке жалғыз ескен Сергей тағы да күміске қол жеткізді. Грек күрескері Асхат Жаңбыров 66 келіде қола жүлде иемденді. Эльвира Акчурина мен Ангелина Мищукте үштіктен көрінді.
Бүкіләлемдік жазғы универсиаданың қорытындысы бойынша, ұлттық құрамада 3 алтын, 11 күміс және 16 қола жүлде бар. Ал, жалпы есепте Қазақстан 19-сатыда.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Xm6WHW6ZML8[/youtube]