8-шағынауданда жалдамалы пәтер көп

 

8-шағынауданда жалдамалы пәтер көп
8-шағынауданда жалдамалы пәтер көп

Бір кездері беделді саналған Шымкенттегі 8-шағынауданда тәртіп орнатылатын болады. Әкімшілік құқықбұзұшылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер қаладағы «теріс тіршілікті тоқтатарына» тәртіп сақшылары сенімді. Ал, бүгінде бұл аймақ жеңіл жүрісті қыздар мен ащы суға қызып алған қонақтан арылмай тұр. Осындағы тәуліктеп немесе сағаттап жалға берілетін пәтерлердің кесірінен аудандағы тұрғындардан тыныш кеткен. Келеңсіз жағдайды ретке келтіру мақсатында Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдке шықты.

Түнгі айқай, қатты қойылған музыка, балағат сөздер. Мұндай келеңсіз жағдай 8-шағынаудан тұрғындарына әбден таныс.  Рейдтік тексеру барысында жалға берілетін пәтерден табылған азаматшалар полиция бекетіне жеткізілді.

Полицейлердің мәліметінше, шағынаудандағы пәтерлердің жартысы жалға беріледі. Ал ол – қылмыстық ортаның қалыптасуына түрткі болады. Осыған байланысты мөлтекауданда жыл басынан бері рейдтер өткізіліп тұрады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер жалға берілетін пәтер төңірегінде тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Бұған дейін баспанасын жалға беруді бизнеске ацналдырғандар уақтылы салық төлеп отырғанын алға тартатын. Енді, жеңіл жүрістілерге пәтер жалға бергені үшін үйдің қожайынына айыппұл салынатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gaiR4VfHDdI[/youtube]