Жол полициясы басқармасы «Жаяу жүргінші» атты жедел-алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Жаяу жүргіншілердің кесірінен болатын жол көлік оқиғаларын алдын алу үшін жасалып жатқан тексеріс кезінде заң бұзушылық әрекеттер молынан анықталды. Әсіресе, көлік ағыны тоқтамайтын Тәуке хан даңғылын рұқсатсыз жерден қиып өтетін жүргіншілер көп болды.
Жаяулардың өтуіне рұқсат етілмеген жерлермен өткен жағдайда 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Әкімшілік хаттама түзіледі. Аталмыш шара 25 шілдеден 5 тамызға дейін өтеді және ары қарайғы сараланған нәтижелерге қарап жалғасын табады.