Ота Шымкент қалалық жәдел жәрдем көрсету ауруханасында жасалды
 Ота Шымкент қалалық жәдел жәрдем көрсету ауруханасында жасалды
Ота Шымкент қалалық жәдел жәрдем көрсету ауруханасында жасалды

Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында күрделі операцияның тағы бірі жасалды. Оңтүстік Қазақстан облысында 300 науқас «созылмалы бүйрек ауруыларының соңғы стадиясы» деген диагнозбен диализ бағдарламасында тұр.

Бүйректі алмастыру бойынша Шымкентте алғашқы ота наурыз айында жасалып, сәтті шыққан еді. Ал бүгін тағы екі науқастың бүйрегі алмастырылды. Бірі 29 жастағы ер жігіт болса, екіншісі қырық жастағы азамат. Қазақстанда донор тапшылығын ескерсек, екі науқасқа да бүйрегін берген өз туыстары. Былтырғы жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Корейдің жоғарыда аталған университетпен ағзаларды ауыстыру бойынша меморандумға қол қойған еді. Күрделі операцияны Оңтүстік Кореяның Анам Корей университеті госпиталінің трансплантология бөлімінің меңгерушісі профессор Пак Кван Тэ жасады.

Пак Кван Тэ, Анам Корей университеті медициналық орталығының профессоры: «Бұл мәселе бір ғана Қазақстанды емес, әлемді алаңдатып отырған жәйт. Сондықтан қолдан келген барлық мүмкіндікті жасау керек деп ойлаймын. Ал ота ешқандай асқынуларсыз жақсы өтеді. Себебі мұнда бар жағдай жасалған, құрылғылар да заманауи. Осы сабақтардан кейін өз дәрігерлеріңіз де ағза алмастыру оталарын өздері-ақ жасай беретіндігіне сенімдімін».

Айта кетейік, екіжақты меморандумға сәйкес кореялық мамандар Шымкентте тамыздың 24-і мен 31-і аралығында болып, жергілікті нефролог, уролог, хирур және анестезиолог сияқты 28 маманға арнайы шеберлік сабақтарын ұйымдастырмақ. Аталған жобаны іске асыру үшін облыстық әкімдік пен облыстық мәслихаттың қолдауымен осы жылы жергілікті қазынадан 18 млн.теңге бөлінген еді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5FiY4CIMeUs[/youtube]