Дүниеге үшем келді

425
Бақытты ана балаларымен және аурухана қызметкерлерінің ортасында

Мақтарал ауданындағы орталық аурухананың перзентханасында  үшем  туылды.  Оларға Рамазан айында жарық дүние сыйлаған – әуелi құдiретi күштi Алла, онан соң аналары Кәмшат Жарқынбекова. Үшеуi де қыз бала.

Бақытты ана балаларымен және аурухана қызметкерлерінің ортасында

Есiмдерi – Iнжу, Маржан, Кәусар. Салмақтары да тиiсiнше – 2,750, 2,150 және 2,600 грамм. Үшемнiң анасы – Кәмшат Мырзакенттегi, әкелері –  Нұрғали Қалдыбаев. Бұған дейін  екеуiнiң  бiр ұл мен бiр қызы бар екен. Мiнеки, ендi олардың перзенттерi бесеуге жетіп, көпбалалы ата-ана атанып отыр.

Аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлiмiнiң меңгерушiсi Айнагүл Әмiрееваның, акушер-дәрiгерлер Рудольф Ян мен Рахима Тәжиддинованың айтуынша, үшемнiң де анасының да денсаулығы жақсы. Бұған Кәмшаттың ата-енесi Тiлләхат аға мен Оразкүл апа да ерекше қуанып, ботақандарының аман-саулығын тiлеп отыр. Ендеше, Қалдыбаевтардың шаңырағына құтты болсын айта отырып, бүлдiршiндерiнiң бауы берiк болсын дегiмiз келедi. Осылайша, қазақтың саны көбейе бергей.