Елге танымал қақпашы Құралбек Ордабаевтың жүлдесі сарапқа салынды

351
Құралбек Ордабаевтың жүлдесі кімге бұйырары тамыздың 17-сіне белгілі болады
Құралбек Ордабаевтың жүлдесі кімге бұйырары тамыздың 17-сіне белгілі болады
Құралбек Ордабаевтың жүлдесі кімге бұйырары тамыздың 17-сіне белгілі болады

Шымкенттің жасыл алаңында кезекті дода бастауын алды. Бұл жолы әйгілі Құралбек Ордабаевтың жүлдесіне арналған жарысқа 10 команда қатысуға ниет етіпті. Турнирдің екінші күні «Металлург» стадионында Алматының футболшыларымен «Оқжетпестің»  ізбасарлары кездесті. Алғашқы таймның өзінде-ақ оңтүстік астаналықтар алға шықты. Олар жасы жағынан да кіші,  құрамы да бір ойыншыға кем.

Көкшетаулықтар бұл турнирде шәкірттерінің алдына нақты жоспар қоймаса да бүгінгі матч олардың есесіне шешілгенін күтеді. Алайда, жарысқа келген он команданың да футболшылары мықты. Сол себепті де топты жару оңай болмасы анық.

Дүйсен Қалдыбекұлы, облыстық футбол мектебінің директоры: «Бұл жарыс алдағы ірі Республикалық додаға дайындық деуге де болады. Әрине, жаңа ұжымның бұл алғашқы жарысы болғаннан кейін ұйымдастыру жағына келгенде қиындау болды. Алайда, барлығына төтеп беріп, ойдағы жоспар орындалды».

Жарыс ұйымдастырушысы Дүйсен Қалдыбекұлы үшін бұл турнир жылдағыдан ерекше. Өйткені, ол жаңа қызметке келгелі өткізіп отырған алғашқы дода. Қиындықтар болғанымен, ең бастысы жоспардан тыс қалған жоқпыз дейді.

Жоғары және бірінші лиганың футболшылары демалыста. Ал бұл турнир шымкенттіктерге жаңа футбол науқанын сыйлап отыр. Дода тамыздың 17-іне дейін жалғасады.